Пятница, 25 Сентября 2026

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ӘЛІППЕСІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ӘЛІППЕСІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Алматы облысының аумағында полиция, прокуратура қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп ұйымдастырған «Құқықтық тәртіп әліппесі» профилактикалық акциясы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету.

Акция барысында облыс тұрғындары полиция және прокуратура қызметкерлеріне өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қойып, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша түсіндірмелер алып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты кеңестерге ие болды.

Сонымен қатар азаматтарды қабылдаумен қатар қолайсыз отбасылардың, профилактикалық есепте тұрған адамдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ерекше назарын қажет ететін өзге де санаттағы азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына профилактикалық рейдтер ұйымдастырылды. Бару барысында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптары мен құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Жалпы акция аясында құқық қорғау органдарының өкілдеріне облыстың 300-ден астам тұрғыны жүгінді. Профилактикалық жұмыстармен 200-ден астам мекенжай қамтылды.

Осындай іс-шаралар Алматы облысының барлық аумағында бір мезгілде өткізіліп, «Заң және тәртіп» қағидаттарын нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Другие новости

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Закон об амнистии 2026 года касается не только гра...

  24.09.2026   155
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  24.09.2026   168
Когда вопрос касается основ

Когда вопрос касается основ

Новая Конституция различает обычные законы и конст...

  24.09.2026   169
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  24.09.2026   165
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.