Пятница, 25 Сентября 2026

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КЕҢ АУҚЫМДЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КЕҢ АУҚЫМДЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

Қарасай ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.

– Іс-шара аясында түнгі уақытта елді мекендерде, қоғамдық орындарда, саябақтарда, аула аумақтарында, ойын-сауық орындарында, автожолдарда және азаматтар көп жиналатын басқа да орындарда полиция нарядтарының қызметі күшейтілді. Негізгі назар қылмыстың алдын алуға, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылды, – деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлан Садықов.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тәулік ішінде Қарасай ауданының аумағында бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен «Нелегал» санатына жататын үш адам ұсталды. Сонымен қатар, Тараз қаласында Қарасай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс бойынша іздеуде жүрген бір қылмыскер қолға түсті, – деп толықтырды полиция полковнигі Ұлан Садықов.

Сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексеру және үй-үйді аралау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы топтар құрылды. Нәтижесінде ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 50 азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді.

Іс-шара барысында барлығы 280 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде 102 құқық бұзушылық «Нөлдік төзімділік» қағидаты аясында анықталды.

Азаматтық қаруды сақтау талаптарының сақталуын бақылауға ерекше көңіл бөлінді. Барлығы 31 қару иесі тексеріліп, нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабы бойынша 3 хаттама және 486-бабы бойынша 5 хаттама толтырылды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады. Олардың басты мақсаты – «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қарасай ауданының тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

Другие новости

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Закон об амнистии 2026 года касается не только гра...

  24.09.2026   155
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  24.09.2026   168
Когда вопрос касается основ

Когда вопрос касается основ

Новая Конституция различает обычные законы и конст...

  24.09.2026   169
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  24.09.2026   165
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.