Четверг, 30 Июля 2026

Ішімдікке – жоқ дейік!

Ішімдікке – жоқ дейік!

Алкоголь өнімдерін шектен тыс тұтыну – қазіргі қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Ішімдікке тәуелділік адамның денсаулығына ғана емес, отбасының берекесіне, қоғамдық тәртіптің сақталуына және азаматтардың қауіпсіздігіне де кері әсерін тигізеді. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкогольдің зияны туралы түсіндіру және құқықбұзушылықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде жасалатын көптеген құқықбұзушылықтар мен қылмыстар алкогольдік масаң күйде орын алады. 2025 жылы тіркелген зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстардың төрттен бірі, ал бұзақылық фактілерінің үштен бірі ішімдік ішкен адамдардың қатысуымен жасалған. Бұл көрсеткіштер алкогольді шамадан тыс тұтынудың қоғамға тигізетін кері әсерін айқын көрсетеді.

Осыған байланысты Іле ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Іле аудандық полиция басқармасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруда.

Соның бірі – аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Ішімдіксіз ауыл» бастамасы. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайту, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтарды азайту және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Қазіргі таңда Іле ауданындағы Ақши және Күрті ауылдарының тұрғындары игі бастама көтеріп, ауыл дүкендерінде алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартты. Бүгінде аталған елді мекендерде арақ өнімдері сатылмайды. Бұл – ауыл ақсақалдарының, тұрғындардың, кәсіпкерлердің және жергілікті атқарушы органдардың ортақ келісімінің нәтижесі. Осындай бірлескен қадам қоғамдық тыныштықты нығайтып, жастарды зиянды әдеттерден сақтауға және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге оң әсерін тигізуде.

Полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесулер өткізіп, алкогольдің адам денсаулығына, отбасыға және қоғамға тигізетін зияны жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар қоғамдық орындарда профилактикалық рейдтер ұйымдастырылып, құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары тұрақты түрде өткізілуде.

Іле ауданында қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл іске құқық қорғау органдарымен қатар жергілікті қауымдастықтардың, ақсақалдар кеңесінің, жастардың және әрбір тұрғынның белсенді қатысуы маңызды.

Ішімдіксіз өмір – дені сау ұрпақтың, берекелі отбасының және қауіпсіз қоғамның кепілі. Ақши мен Күрті ауылдарының өнегелі бастамасы ауданның басқа да елді мекендеріне үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттауға тың серпін береді.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның басты кепілі. Ал салауатты өмір салты – жарқын болашақтың негізі.

Другие новости

Чистый след большой программы

Чистый след большой программы

В Алматинской области продолжается реализация масш...

  30.07.2026   68
Ішімдікке – жоқ дейік!

Ішімдікке – жоқ дейік!

Алкоголь өнімдерін шектен тыс тұтыну – қазіргі қоғ...

  30.07.2026   72
Когда профилактика важнее последствий

Когда профилактика важнее последствий

Общественная безопасность давно перестала быть иск...

  30.07.2026   47
Безопасность без паники

Безопасность без паники

Никто не может полностью исключить вероятность воз...

  30.07.2026   58
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.