Пятница, 18 Сентября 2026

Бас прокуратура телефон және интернет-алаяқтыққа қарсы «Антиколл-орталық» жобасын іске асыруда

Бас прокуратура телефон және интернет-алаяқтыққа қарсы «Антиколл-орталық» жобасын іске асыруда

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы азаматтарды телефон және интернет-алаяқтықтан қорғауға бағытталған «Антиколл-орталық» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Жоба нақты уақыт режимінде алаяқтық телефон қоңырауларын анықтап, олардың жолын кесуге, сондай-ақ алаяқтар хабарласқан азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Алынған ақпарат негізінде құқық қорғау органдары байланыс операторларымен бірлесіп, ықтимал жәбірленушілерді дер кезінде хабардар етеді. Бұл азаматтардың ақшалай қаражатының жымқырылуы мен олардың атына алаяқтық жолмен несие рәсімдеу фактілерінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Жоба іске асырылған уақыттан бері жүйе арқылы 1,5 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталды.

Жобаның нәтижесінде жалпы сомасы 251 млн теңгені құрайтын 114 алаяқтық несие рәсімдеудің жолы кесілді.

Жобаны іске асыру өз нәтижесін беруде. Соңғы үш жылда алғаш рет интернет-алаяқтықтың өсу үрдісін тоқтатып, тіркелген қылмыстар санын 11%-ға, яғни 12 390-нан 11 065-ке дейін төмендетуге қол жеткізілді.

Жобаның тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында байланыс операторларымен өзара іс-қимыл кеңейтілуде. Бұған дейін жүйе тек «Қазақтелеком» АҚ желісінде жұмыс істесе, қазіргі уақытта оған барлық байланыс операторлары қосылуда. Бұл алаяқтық телеком-трафикті іс жүзінде 100 пайыз қамтуға мүмкіндік береді.

Алматы облысының прокуратурасы азаматтарды бейтаныс адамдармен сөйлесу кезінде қырағылық танытуға, құпия деректерді ешкімге жарияламауға, бейтаныс тұлғалардың нұсқауымен ақша аудармауға және телефон арқылы берілген нұсқаулар бойынша несие рәсімдемеуге шақырады.

Есіңізде болсын: алаяқтар алдау тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады. Қарапайым цифрлық қауіпсіздік қағидаларын сақтау сіздің қаражатыңызды қорғауға және алаяқтардың құрбаны болмауға көмектеседі.

Другие новости

Какие преступления не подпадают под амнистию

Какие преступления не подпадают под амнистию

Любая амнистия имеет определенные пределы. Это нео...

  18.09.2026   55
Когда обычный спор доходит до Основного Закона

Когда обычный спор доходит до Основного Закона

Конституционный суд в новой системе отвечает за ве...

  18.09.2026   70
Қазақстан Халық Кеңесі выходит за рамки консультаций

Қазақстан Халық Кеңесі выходит за рамки консультаций

Қазақстан Халық Кеңесі в новой Конституции определ...

  18.09.2026   73
Бюджет становится проверкой доверия

Бюджет становится проверкой доверия

Законодательная функция Курултая дополняется контр...

  18.09.2026   64
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.