Пятница, 07 Августа 2026

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ІЛЕ АУДАНЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ІЛЕ АУДАНЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

7 тамызда Іле ауданы әкімдігінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қиын өмірлік жағдайға тап болған балалармен жұмысты күшейту мәселелеріне арналған жиын өтті.

Отырысқа аудан әкімі Қайыржан Жақсвмбетов, аудан прокуроры Бауыржан Тулендинов, аудандық полиция басқармасының бастығы Ертіс Тоқтаров, Алматы облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Дәулет Шайтұрсынұлы, Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдері, бөлім және білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп психологтары қатысты.

Жиында кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және жасөспірімдермен жүргізілетін профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Жауапты тұлғаларға балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін аумақтарды анықтау, оларды қоршау, ескерту белгілерін орнату және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейту тапсырылды.

Жиын қорытындысы бойынша білім бөліміне оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайын тұрақты зерделеу, тәуекел тобындағы балалармен жеке жұмысты күшейту, мектеп психологтарының кәсіби даярлығына талдау жүргізу және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар-тренингтер ұйымдастыру міндеті қойылды.

Ауылдық округ әкімдеріне су айдындары, құрылыс нысандары, ашық кәріз құдықтары және басқа да қауіпті аумақтарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Аудандық полиция басқармасына кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық және көпшілік орындарда болуын анықтауға бағытталған рейдтік-профилактикалық шараларды тұрақты өткізу және түнгі бақылауды күшейту міндеттелді.

Балалардың қауіпсіздігі – тек мектептің немесе полицияның міндеті емес. Бұл – ата-ана, білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар және тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Другие новости

Предупредить легче, чем вернуть

Предупредить легче, чем вернуть

Сохранность имущества зависит не только от деятель...

  07.08.2026   37
Проверка перед сделкой обязательна

Проверка перед сделкой обязательна

Приобретая дорогостоящее имущество, многие ориенти...

  07.08.2026   36
Берегите не только вещи, но и документы

Берегите не только вещи, но и документы

Право собственности подтверждается документами, по...

  07.08.2026   35
Соседи могут стать надежной защитой

Соседи могут стать надежной защитой

Эффективная защита собственности невозможна без уч...

  07.08.2026   36
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.