Пятница, 04 Сентября 2026

Заң мен тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Заң мен тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Іле ауданында су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Жаз мезгілінде тұрғындардың су айдындарына барып, табиғат аясында демалуы мен балық аулауы жиілей түседі. Осыған байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және заң мен тәртіп талаптарын сақтау мақсатында профилактикалық іс-шаралардың маңызы артып отыр.

Осы бағытта Алматы облысы Іле ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы су тоғандарында демалушылар мен балықшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында мамандар азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, жабдықталмаған және арнайы белгіленбеген жерлерде суға түсу адам өміріне қауіп төндіретінін ескертті. Сонымен қатар балаларды су маңында қараусыз қалдырмау, мас күйінде суға түспеу және белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұзбау қажеттігі айтылды.

Табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі мәселесіне де ерекше назар аударылды. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері азаматтарға от жағу кезінде сақтық шараларын сақтау, жағылған отты қараусыз қалдырмау және демалыс аяқталған соң отты толық сөндіру қажеттігін түсіндірді.

Балықшыларға да қауіпсіздік талаптарын ескеріп, су айдындарында абай болу, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету жөнінде кеңестер берілді.

Заң мен тәртіпті сақтау – тек құқықтық талаптарды орындау ғана емес, сонымен қатар әр адамның өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы. Қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады.

Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындар мен қонақтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға, белгіленбеген орындарда суға түспеуге және табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң орындауға шақырады.

Другие новости

Быть рядом, когда нужна помощь

Быть рядом, когда нужна помощь

На службе он отвечает за безопасность целого город...

  04.09.2026   2
Внимание - безопасности подростков

Внимание - безопасности подростков

Сразу после начала нового учебного года в Балхашск...

  04.09.2026   154
Персональные данные под защитой

Персональные данные под защитой

Новая Конституция отдельно защищает частную жизнь,...

  04.09.2026   149
Правосудие с опорой на человека

Правосудие с опорой на человека

Новая Конституция закрепляет, что судья при отправ...

  04.09.2026   142
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.