Среда, 23 Сентября 2026

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ДАМЫТЫЛУДА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ДАМЫТЫЛУДА

Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған заманауи цифрлық технологиялар кезең-кезеңімен енгізілуде.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында өңірдің қоғамдық орындары мен негізгі көлік бағыттарын қамтитын бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру көзделген.

Атап айтқанда, 9 100 қоғамдық бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған. Оның 6 800-і тұрақты камералар болса, 2 300-і PTZ форматындағы бұрылмалы камералар. Мұндай жүйе аумақтағы жағдайды барынша толық бақылауға және туындаған қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты түрде тіркеуге де ерекше назар аударылуда. Өңірде 325 стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешен орнату көзделген. Оның ішінде 115 «Қиылыс» кешені, 110 «Желілік учаске» кешені және 100 трассалық кешен бар.

Заманауи технологияларды қолдану құқық бұзушылықтарды тіркеумен ғана шектелмейді. Бейнебақылау деректері қылмыстарды ашу, адамдар мен көлік құралдарын анықтау, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындардағы жағдайды талдау кезінде де пайдаланылады.

Бұл ретте негізгі басымдық профилактикаға беріледі. «Кілемдік» бейнебақылау жүйесі аумақты барынша толық қамтуға, ықтимал қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтауға және осылайша құқық бұзушылықтардың алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Құқық қорғау қызметін цифрландыру «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады және ең алдымен өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Другие новости

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ДАМЫТЫЛУДА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ДАМЫТЫЛУДА

Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға...

  23.09.2026   63
В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ РАЗВИВАЕТСЯ СИСТЕМА «КОВРОВОГО» ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ

В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ РАЗВИВАЕТСЯ СИСТЕМА «КОВРОВОГО» ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ

В Алматинской области последовательно внедряются с...

  23.09.2026   70
Сводка официальных опровержений за период с 10 по 20 сентября 2026 года

Сводка официальных опровержений за период с 10 по 20 сентября 2026 года

Фейк: Бесплатное предоставление миллиона квартир г...

  23.09.2026   86
2026 жылғы 10-20 қыркүйек аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

2026 жылғы 10-20 қыркүйек аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Фейк: Қазақстан азаматтарына бір миллион пәтерді т...

  23.09.2026   85
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.