Понедельник, 10 Августа 2026

Алматы облысында Халықаралық жастар күніне орай 20 мың қатысушыны қамтитын 30-дан астам шара өтеді

Алматы облысында Халықаралық жастар күніне орай 20 мың қатысушыны қамтитын 30-дан астам шара өтеді

Халықаралық жастар күніне орай Алматы облысында жас буынның бастамалары мен жетістіктерін қолдап, зияткерлік әлеуеті мен экологиялық мәдениетін арттыруға арналған 30-дан астам шара өтеді. Алдағы онкүндікте ұйымдастырылатын бастамаларға 20 мыңға жуық жас қатысады деп жоспарлануда.

Жыл сайын 12 тамызда аталып өтетін Халықаралық жастар күні олардың азаматтық жауапкершілігі мен заңға құрметін нығайтуға, қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Айтулы мереке қарсаңында Алматы облысының жастары зияткерлік ойындарға, форумдар мен фестивальдерге, экологиялық челлендждер мен қайырымдылық акцияларға атсалысып, өзара сынға түсіп, тәжірибе алмасады.

Іс-шаралар легі 10 тамыз – Абай күнінен бастау алады. Облыс көлемінде ұлы ойшылдың рухани мұрасын өскелең ұрпақ бойына сіңіріп, мәнін терең түсіндіру мақсатында түрлі танымдық шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар  сыни ойлау қабілетін жетілдіріп, шешендік өнерге баулитын «Ziatker» пікірсайысшылар форумы мен «Abai quiz» интеллектуалды ойыны өтеді.

Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында өңір жастары арасында ұйымдастырылған «Digital Pro» жасанды интеллект көмегімен жасалған бейнероликтер байқауы мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталады.

Бұдан бөлек, екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған ауылдық округтердегі үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушыларға арналған «Umtylys» сыйлығын табыстау рәсімі өткізіледі.

Онкүндік аясында «Халықаралық волонтерлер жылына» орайластырылған «Volunteer Fest» облыстық еріктілер слеті және жастар ұйымдары мен көшбасшыларды бір арнаға тоғыстыратын «Jas Qadam» форумы жоспарланған.

Мерекелік күндер ашық аспан астындағы кинокөрсетілімдер, спорт турнирлері және жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жәрмеңкесімен жалғасын табады.

Айта кетейік, бүгінде Алматы облысында 432 мыңнан астам жас тұрады. Бұл көрсеткіш өңір халқының шамамен 30 пайызын құрайды. Сондықтан жастарды қолдау облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Другие новости

Алматы облысында Халықаралық жастар күніне орай 20 мың қатысушыны қамтитын 30-дан астам шара өтеді

Алматы облысында Халықаралық жастар күніне орай 20 мың қатысушыны қамтитын 30-дан астам шара өтеді

Халықаралық жастар күніне орай Алматы облысында жа...

  10.08.2026   66
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген қоғ...

  29.07.2026   786
Большинство граждан поддерживают принцип «Закон и Порядок» и идею «Таза Қазақстан» – соцопрос

Большинство граждан поддерживают принцип «Закон и Порядок» и идею «Таза Қазақстан» – соцопрос

По данным социологического исследования, проведенн...

  29.07.2026   766
Бизнес с большим сердцем

Бизнес с большим сердцем

В Каракемерском сельском округе Енбекшиказахского...

  18.07.2026   1882
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.