Вторник, 13 Октября 2026

Іле ауданында «Оқитын ұрпақ – ойлы қоғам» атты аудандық форум өтті

Іле ауданында «Оқитын ұрпақ – ойлы қоғам» атты аудандық форум өтті

Іле ауданы, М.Түймебаев ауылындағы «Келешек» мектебінің базасында Іле ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар» жобасы аясында «Оқитын ұрпақ – ойлы қоғам» тақырыбында аудандық форум ұйымдастырылды.

Форумға оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, кітапхана қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар, «Қазақ газеттері», «Балдырған», «Ұлан», «Ақжелкен», «Дружные ребята» басылымдарының бас редакторлары арнайы келіп, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар көркем әдебиеттен үзінді оқып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Форум аясында кітаптың адам өміріндегі орны, оқу мәдениетін қалыптастыру және отбасылық кітап оқу дәстүрін дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. 
Кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ, Оразалы Досбосынов атындағы шығармашылық орталығының директоры Жетебаев Айтуған Сабырұлы қазіргі таңда телефон мен әлеуметтік желінің әсерінен кітап оқитын жастардың азайып бара жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жобаның басты мақсаты  –   балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оларды тұрақты түрде кітап оқуға баулу.

Сондай-ақ, бұл жоба алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, оқушыларды кітап оқуға кеңінен тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізді. Жоба аудандық деңгейден облыстық деңгейге өтіп, болашақта республикалық деңгейде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Другие новости

Мелодии родной земли

Мелодии родной земли

Народные песни, национальные танцы, выставки ремес...

  12.10.2026   189
На страже интересов  трудящихся

На страже интересов трудящихся

В Доме культуры города Қонаев состоялось торжестве...

  09.10.2026   319
От первой нити до  высокого мастерства

От первой нити до высокого мастерства

Настоящее искусство всегда начинается с искренней...

  09.10.2026   314
Узор с  продолжением

Узор с продолжением

Айнур Яныбаева из села Бельбулак Талгарского район...

  09.10.2026   290
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.