Четверг, 24 Сентября 2026

Мемлекеттік тілді меңгеру – кәсіби біліктіліктің маңызды көрсеткіші

Мемлекеттік тілді меңгеру – кәсіби біліктіліктің маңызды көрсеткіші

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызметтік кинология басқармасының әскери қызметшілері өздерінің негізгі қызметтік міндеттерімен қатар, мемлекеттік тілді меңгеруге де ерекше көңіл бөлуде. Олар тек қызметтік кинология саласында кәсіби дайындықтан өтіп қана қоймай, қазақ тілін үйрену арқылы тілдік білімдерін жетілдіріп келеді.

Тіл сабақтары барысында әскери қызметшілер қазақ тілінің грамматикасын, дұрыс жазу, сауатты сөйлеу және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын меңгерді. Сонымен қатар қазақ халқының мақал-мәтелдері, ұлттық құндылықтары мен тіл мәдениетіне қатысты танымдық мәліметтермен танысып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында білім алды.

Оқу бағдарламасын аяқтағаннан кейін әскери қызметшілер мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын А1 (қарапайым) және А2 (базалық) деңгейлері бойынша емтихан тапсырып, тиісті сертификаттарға ие болады. Бұл сертификат олардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растап қана қоймай, қызметтік ортада қазақ тілін еркін қолдануға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тілді меңгеру – кәсіби біліктіліктің маңызды көрсеткіші. Әскери қызметшілердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасы олардың жан-жақты дамуына және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі болып табылады.

 

ҚР ҰҚК ШҚ Қызметтік кинология басқармасы

майор Л. Мақытбекқызы

Другие новости

Бельгийские студенты проявили интерес к проекту «Читающая нация»

Бельгийские студенты проявили интерес к проекту «Читающая нация»

Монс, 21 сентября 2026 года – В Университете Монса...

  24.09.2026   106
Бельгиялық студенттер «Кітап оқитын ұлт» жобасына қызығушылық танытты

Бельгиялық студенттер «Кітап оқитын ұлт» жобасына қызығушылық танытты

Монс, 2026 жылғы 21 қыркүйек – Монс университетінд...

  24.09.2026   109
В Актау состоится международный фестиваль «Каспий – море дружбы»

В Актау состоится международный фестиваль «Каспий – море дружбы»

С 25 по 27 сентября 2026 года в Актау пройдет межд...

  23.09.2026   157
«Есть ли я в твоем сердце?»

«Есть ли я в твоем сердце?»

В Многопрофильном колледже имени Д. Конаева област...

  23.09.2026   157
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.