Понедельник, 12 Октября 2026

Өнердің өрісі кеңейген тағылымды күн

Өнердің өрісі кеңейген тағылымды күн

Тарихы тағылымды Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған игі іс шаралар басталды. Торқалы тойдың бастамасы қасиетті Қарасаз ауылындағы жерлесіміз, ақын Оразалы Досбосыновты  еске алуға арналған республикалық айтыспен басталды.

Ауданның 90 жылдық мерейтойы аясында қазақ айтыс өнерінің жарық жұлдызы, дара дарын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Құлмамбеттің құлынын құндақтаған өлке» атты II республикалық оқушылар айтысы өз бастауын алды.

Бұл дүбірлі дода – жас ақындардың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін шыңдап, ұлттық рухты дәріптейтін, бабалар мұрасын келер ұрпаққа жалғайтын тағылымды алаң. Еліміздің әр өңірінен келген жас айтыскерлер қасиетті Райымбек жерінде бас қосып, суырыпсалмалық өнердің көрігін қыздыруда.

Айтыс – халқымыздың рухани қазынасы. Ал Оразәлі Досбосыновтың жарқын мұрасы жас буынға әрдайым шабыт беріп, ұлттық өнердің шамшырағы болып қала береді.

Барша қатысушыларға сәттілік, ал көрерменге ұмытылмас әсер тілейміз!

Другие новости

Мелодии родной земли

Мелодии родной земли

Народные песни, национальные танцы, выставки ремес...

  12.10.2026   89
На страже интересов  трудящихся

На страже интересов трудящихся

В Доме культуры города Қонаев состоялось торжестве...

  09.10.2026   301
От первой нити до  высокого мастерства

От первой нити до высокого мастерства

Настоящее искусство всегда начинается с искренней...

  09.10.2026   298
Узор с  продолжением

Узор с продолжением

Айнур Яныбаева из села Бельбулак Талгарского район...

  09.10.2026   286
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.