Вторник, 13 Октября 2026

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ӘНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ӘНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

2026 жылғы 18 шілде күні сағат 19:00-де Түркістан қаласындағы «Керуен Сарай» кешенінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, ән әлемінің дара тұлғасы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтеді.
Фестивальдің басты мақсаты – композитордың мол музыкалық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу, жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және көрермен қауымға Шәмші Қалдаяқов әндерінің мәңгілік құндылығын паш ету.
Фестиваль аясында еліміздің танымал эстрада жұлдыздары мен жас орындаушылар қазақ ән өнерінің алтын қорына енген Шәмші Қалдаяқовтың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін орындайды. Концерттік бағдарламада «Жігіттер» квартеті, Мөлдір Әуелбекова, Ғазизхан Шекербеков, Асқар Жүнісбеков, Қанай, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Әли Оқапов, «Melomen» тобы, Алтынай Жорабаева, «Сарын» тобы, Руслан Ақынбаев, Аяжан Нұрмаханбет, Маржан Ерланқызы, Данияр Барыс, Эльвира Мамытова және «Turan Boys» тобы өнер көрсетеді.
Мерекелік кешті Нұрсұлтан Есжан мен Алла Гаврина жүргізеді.
Барша түркістандықтар мен қала қонақтарын қазақ ән өнерінің алтын қорына енген жауһар туындылар шырқалатын «Шәмші әндері» өнер фестиваліне шақырамыз.

Другие новости

Мелодии родной земли

Мелодии родной земли

Народные песни, национальные танцы, выставки ремес...

  12.10.2026   184
На страже интересов  трудящихся

На страже интересов трудящихся

В Доме культуры города Қонаев состоялось торжестве...

  09.10.2026   318
От первой нити до  высокого мастерства

От первой нити до высокого мастерства

Настоящее искусство всегда начинается с искренней...

  09.10.2026   313
Узор с  продолжением

Узор с продолжением

Айнур Яныбаева из села Бельбулак Талгарского район...

  09.10.2026   290
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.