Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысын алу тәртібіне өзгерістер енгізді. Тиісті өзгерістер Қазақстан Республикасы Көлік министрі міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді.Енгізілген өзгерістердің басты ерекшелігі – жол жүру ақысын уақытылы төлейтін пайдаланушылар үшін төлем мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады.Осылайша, төлемді уақытылы жүргізетін пайдаланушылар үшін жол жүру құны көлік құралының санатына қарай 0,07 АЕК-тен (302,75 теңге) 0,22 АЕК-ке (951,5 теңге) дейінгі мөлшерде сақталады.Сонымен қатар, бұйрықпен негізгі тарифтер қа...