Понедельник, 26 Октября 2026

«Тазалық – саулық кепілі» - Қонаев тұрғыны

«Тазалық – саулық кепілі» - Қонаев тұрғыны

Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны бастау алды. Қонаев тұрғындары тазалық акциясына білек сыбана қатысуға ниетті екендерін жеткізді. 
«Тазалық – саулық кепілі. Сондықтан жан-жағымызды таза сақтау арқылы денсаулығымызды нығайтуға болады. Әр жерде шашылып жатқан қоқыстар түрлі инфекциялық ауру тудыруы мүмкін. Бұл бізге, қарттарға ғана емес, келешек ұрпақтың әлсіз болып өсуіне ықпал етеді», – деді Қонаев қаласының Құрметті азаматы Амангелді Беспаев.
Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Жансұлтан Оңалбаев та өз пікірін білдіріп, тұрғындарды науқан барысында белсенді болуға шақырды.
«Бұл акция бес аптаға жалғасады. Тұрғындарды белсенді болуға шақырамыз. Қаланың тазалығына жауапты мекемелер үздіксіз қызмет атқаруда. Алайда, туған жерді аялап, тыныс-тіршілігіне қатысу да маңызды екенін ұмытпағанымыз абзал. Әсіресе, балалардың аға буыннан үлгі алғаны абзал. Акция аясында аулалар тазаланып, ағаштар егіліп, әктеледі, мәдени мұраларымыздың аумағы тазартылады», - деді қала әкімінің орынбасары. 
Айта кетейік, жыл басынан бері Қонаевта бірнеше рет сенбілік ұйымдастырылды.

Қонаев қаласының баспасөз қызметі.

Другие новости

В Алматинской области широко отметили День Республики

В Алматинской области широко отметили День Республики

В Алматинской области День Республики в этом году...

  25.10.2026   96
Алматы облысында Республика күні кең көлемде атап өтілді

Алматы облысында Республика күні кең көлемде атап өтілді

Мемлекеттіліктің қалыптасу тарихында айрықша орны...

  25.10.2026   132
Государственный флаг подняли в ауле Жамбыла

Государственный флаг подняли в ауле Жамбыла

В День Республики на центральной площади села Жамб...

  25.10.2026   148
Символ общей судьбы

Символ общей судьбы

Несколько тысяч человек собрались в День Республик...

  25.10.2026   230
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.