Воскресенье, 19 Июля 2026

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты болып Паша Чумаев сайланды

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты болып Паша Чумаев сайланды

8 желтоқсанда өткен Жамбыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындысы бойынша №16 сайлау округінен Паша Александрович Чумаев жеңіске жетті. Ол 1785 дауыс жинап, өзге үміткерлерден айқын басым түсті.

Сайлау тізіміне 5017 сайлаушы енгізілген болса, оның 2805-і өз таңдауларын жасады. Бұл қатысу деңгейін 55,9%-ға жеткізді. Қалған үміткерлер арасында Салават Ибрагимов 436 дауыс жинаса, Искандер Тутадзе 333 сайлаушының қолдауына ие болды. Сонымен қатар, 234 адам «Барлығына қарсы» таңдауын жасады.

Паша Чумаев 1982 жылы дүниеге келген. Қазіргі уақытта ЖК «Чумаев» директоры қызметін атқарады. Ол Жамбыл ауданының тұрғыны ретінде аудан тұрғындарының қажеттіліктерін жақсы біледі. Чумаев Паша – «AMANAT» партиясының мүшесі және қоғамға белсенді қызмет етуші азамат.

Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында аудан тұрғындарының көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған нақты ұсыныстарды ұсынды. Оның бағдарламасы келесі басым бағыттарды қамтыды:
•    Шиен ауылындағы көшелерге орташа жөндеу жүргізу және дәрігерлік амбулатория құрылысын бақылау;
•    Шиен ауылында футбол алаңы мен Мәдениет үйінің құрылысын аяқтауға ықпал ету;
•    Қоғамшыл ауылында модульдік медициналық кешен орнатуды қамтамасыз ету;
•    Аққайнар ауылындағы көшелерге жарық бағандарын орнату;
•    Дегерес ауылында балалар ойын алаңы мен балабақша салуды ұйымдастыру;
•    Сұңқар, Бұлақ және Қараарша ауылдарында медициналық пункттер салуға ықпал ету;
•    «Жастарға жұмыс» жобасы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу;
•    Әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету және қоғамдық жерлерді қайтару мәселелерін шешу.

Айта кету керек, сайлау қорытындысы аудан тұрғындарының Паша Чумаевтың нақты істерге бағытталған ұсыныстарына қолдау білдіргенін көрсетті. Депутат ретінде ол өз сайлауалды бағдарламасында айтылған барлық жобаларды жүзеге асыру үшін бар күшін салуға уәде берді.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Служить государству по закону

Служить государству по закону

Новая Конституция закрепляет равное право граждан...

  18.07.2026   134
Предприниматель под защитой закона

Предприниматель под защитой закона

Новая Конституция гарантирует свободу предпринимат...

  18.07.2026   115
Особый режим для роста

Особый режим для роста

Новая Конституция предусматривает возможность уста...

  18.07.2026   133
Три грани успеха «Экопарк гарден»

Три грани успеха «Экопарк гарден»

Современный Казахстан представляет собой технологи...

  17.07.2026   206
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.