Понедельник, 21 Сентября 2026

Нұрлан Түймелиев Алматы облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды

Нұрлан Түймелиев Алматы облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды

8 желтоқсанда Алматы облыстық мәслихатының №3 бірмандаттық округі бойынша өткен сайлауда Түймелиев Нұрлан Лесұлы айқын жеңіске жетті. Ол 12 491 сайлаушының дауысын жинап, өзге үміткерлерден озып шықты.

Қалған үміткерлер арасында Сәкен Жансаров 3 404 дауыс, ал Асхат Джамаров 2 376 дауыс жинады. Сонымен қатар, 869 сайлаушы «Барлығына қарсы» таңдауын жасады. Жалпы, сайлауға тіркелген 42 235 азаматтың 19 375-і қатысып, дауыс беру деңгейі 45,8%-ды құрады.

Нұрлан Түймелиев 1966 жылы дүниеге келген. Өмір жолын ішкі істер саласынан бастап, кәсіпкерлік және қоғамдық қызметте өзін танытқан тұлға. Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің қайырымдылық қорының төрағасы ретінде, сондай-ақ округтік ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде ауданның әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге белсенді араласуда.

Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында өңірдің инфрақұрылымын жақсарту, газдандыру, жаңа мектептер мен мәдениет үйлерін салу, жолдарды жөндеу, жастарды жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығын қолдау секілді маңызды мәселелерге ерекше назар аударды.

Сайлау нәтижелері Нұрлан Түймелиевтің халық сеніміне ие болғанын дәлелдеді. Ол өз уәдесін орындап, өңірдің игілігі үшін аянбай еңбек етуге дайын. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, аймақтың дамуына елеулі үлес қосу – жаңадан сайланған депутаттың басты міндеті.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Богатство страны требует бережности

Богатство страны требует бережности

Новая Конституция закрепляет, что земля, недра, во...

  19.09.2026   218
Местная власть под наблюдением депутатов

Местная власть под наблюдением депутатов

Новая Конституция предусматривает возможность выра...

  19.09.2026   221
Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Одна из важных особенностей Иргелинского сельского...

  18.09.2026   263
Казахстан присоединится к World Cleanup Day

Казахстан присоединится к World Cleanup Day

19 сентября во всех регионах Казахстана пройдут ма...

  18.09.2026   202
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.