Понедельник, 27 Июля 2026

Ғылым, білім және инновация: Қазақстанның жаңа даму бағыты

Ғылым, білім және инновация: Қазақстанның жаңа даму бағыты

Қазақстан Республикасының президенті, Қасым-Жомарт Тоқаевтің бүгінгі халыққа жасаған жолдауындағы ғылым мен білімді дамытуға берген басымдылығы қуантты. Тәуелсіздік алған жылдан бастап, шикізатқа негізделген экономикамыздың ғылым мен технологияға бағытталуы еліміздің дамуының жаңа сатысы болады . Бұл бағытта ғылым, білім және инновацияны өзара байланыстыра отырып басқарудың жаңа үлгілерін енгізу ерекше орын алады. Соңғы жылдары жас ғалымдарды қолдау артып, зерттеу гранттарына, шетелдік тағылымдамаларға шығуы, мемлекет тарапынан баспана алуы оң тенденцияға айналды. 
Дей тұрғанмен, ғылымға салынатын мемлекеттік қаржының қайтарымы әлі де жеткіліксіз. Қазіргі басты міндет – ғылыми нәтижелерді нақты патенттерге, жаңа технологияларға, өндірістік шешімдерге айналдыру. Жас буын ғалымдар бұл міндеттерді абыроймен алып шығады деп сенемін.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу тікелей жоғары оқу орындарының академиялық тәуелсіздігіне байланысты. Университеттердің дербестігін кеңейту, жасанды интеллектіні дамытуға жағдай жасау, оқытушы профессорлық құрамға қолдау шараларын арттыру, олардың мәртебесін көтеру ең маңызды басып бағытқа айналуы керек. 
Осы тұрғыда ерекше назар аудартатын жоба – Алматы облысы, Талғар ауданы, Түзусай ауылында салынатын «Ғылым қаласы».  Аумағы 600 гектар болатын бұл ауқымды кешеннің жалпы көлемі 1 миллион шаршы метрді құрайды. Ол 50 мың студент пен оқытушыға арналған заманауи білім және ғылым орталығы ретінде бой көтермек. Бұл бастама еліміздің ғылыми-білім беру жүйесін жаңа деңгейге шығарып, аймақтың да әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.
Ең бастысы – сапасы жоғары адами ресурстар қалыптастыру. Білімді, білікті, шығармашыл мамандар – елдің тұрақты дамуының кепілі. Сондықтан ғылым мен білімді қолдау бағытындағы осындай ірі бастамаларды ел болашағына жасалған маңызды инвестиция деп білемін.

Байжұма Жандос Ескендірұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті м.а.,
Талғар аудандық мәслихат депутаты.

Другие новости

Дорога к врачу сократилась

Дорога к врачу сократилась

В отдаленном ауле Бозой Жамбылского района открылс...

  27.07.2026   27
Депутаты расставляют акценты

Депутаты расставляют акценты

Новые правила эвакуации задержанного транспорта, и...

  27.07.2026   28
Новые дороги  для сельчан

Новые дороги для сельчан

В Уйгурском районе набран высокий темп работы по м...

  27.07.2026   67
Чтобы помощь приходила без промедления

Чтобы помощь приходила без промедления

Система гражданской защиты Алматинской области поп...

  27.07.2026   39
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.