Понедельник, 21 Сентября 2026

Бірлік бар жерде – тірлік бар

Бірлік бар жерде – тірлік бар

Бүгін Мемлекет басшысы халыққа Жолдауын арнап, еліміздің алдағы дамуының басым бағыттарын айқындады. Жолдау – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды құжат қана емес, елдің болашағын айқындайтын стратегиялық бағдар.

Президент көтерген мәселелер – барлығымыздың күнделікті өмірімізге тікелей қатысты. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, әділетті экономиканы құру, білім мен ғылымды қолдау, ауылды дамыту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – барлығы да мемлекет дамуының жаңа кезеңін білдіреді.

Жолдауда жастарға ерекше көңіл бөлініп, олардың сапалы білім алып, жаңа технологияларды игеруіне, кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау қажеттілігі атап өтілді. Бұл – болашағымыздың кепілі. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласын жетілдіру, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, өңірлерді дамыту мәселелері де нақты шешімін табатын болды.

Президент Жолдауы – еліміздің бірлігі мен тұрақтылығының, халықтың әл-ауқатының артуына бағытталған нақты іс-шаралар жиынтығы. Әрбір қазақстандық осы бастамаларды қолдап, жүзеге асыруға өз үлесін қосса, еліміз жаңа белестерді бағындыратынына сенім мол.

Бірлік бар жерде – тірлік бар. Жолдауда белгіленген мақсаттарды бірге орындап, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Думчибаев Серік Кеңесұлы "AMANAT" партиясы Талғар аудандық филиалының төрағасы

Другие новости

Богатство страны требует бережности

Богатство страны требует бережности

Новая Конституция закрепляет, что земля, недра, во...

  19.09.2026   209
Местная власть под наблюдением депутатов

Местная власть под наблюдением депутатов

Новая Конституция предусматривает возможность выра...

  19.09.2026   212
Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Одна из важных особенностей Иргелинского сельского...

  18.09.2026   256
Казахстан присоединится к World Cleanup Day

Казахстан присоединится к World Cleanup Day

19 сентября во всех регионах Казахстана пройдут ма...

  18.09.2026   202
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.