Пятница, 17 Июля 2026

Бірлік пен даму жолындағы тарихи қадам

Бірлік пен даму жолындағы тарихи қадам

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаевтың Жолдауын тыңдап, еліміздің болашағына сенімім арта түсті. Жаһандық өзгерістер кезеңінде Қазақстанның даму бағыты нақты айқындалды. 
Ең бастысы, цифрландыру мен жасанды интеллектті кеңінен енгізу арқылы елімізді жаңа деңгейге көтеру. Алдағы үш жылда Қазақстанды толық цифрлы елге айналдыру бастамасы, уақыт талабы. Бұл қадам экономикаға да, қоғамға да ашықтық, тиімділік әкеледі деп сенемін.
Alatau City-ге арнайы мәртебе беру, энергетика саласындағы жаңа жобалар, ауыл шаруашылығында агрохабтар мен жерді спутниктік бақылау, бәрі де халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Президентіміз ұсынған парламенттік реформа, бір палаталы жүйеге көшу мәселесі халықпен бірге талқыланатын тарихи қадам. Бұл мемлекетіміздің демократиялық дамуындағы жаңа белес болмақ.
Мен қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде Жолдаудағы саясатты толық қолдаймын. Ең бастысы, әрбір бастама сапалы орындалып, нақты нәтижесін ел көретіндей болуы тиіс. Бұл жолда бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз бар.

Аян Қонар, журналист.

Другие новости

В Алматинской области открылся крупный логистический хаб

В Алматинской области открылся крупный логистический хаб

Сегодня в Алматинской области состоялась торжестве...

  17.07.2026   58
Наследие бия, батыра и дипломата

Наследие бия, батыра и дипломата

Сары бий Бозымулы вошел в историю казахского народ...

  17.07.2026   51
Гражданин в центре закона

Гражданин в центре закона

В новой Конституции много сказано о правах человек...

  17.07.2026   116
Главное право - быть человеком

Главное право - быть человеком

В новой Конституции прямо сказано, что честь и дос...

  17.07.2026   107
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.