Понедельник, 21 Сентября 2026

Қонаевта Республика күніне арналған «Бір ел – бір тағдыр» атты зияткерлік сайыс өтті

Қонаевта Республика күніне арналған «Бір ел – бір тағдыр» атты зияткерлік сайыс өтті

Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен патриоттық рухтағы ерекше іс-шара өтті.

Мектеп оқушылары арасында өткен «Бір ел – бір тағдыр» атты зияткерлік Quiz ойынына қаладағы білім беру ұйымдарынан іріктелген 20-дан астам жас қатысты.

Бұл бастаманың мақсаты – жастардың ел тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарына деген қызығушылығын арттыру, патриоттық рухты күшейту және ұлттық сана мен жауапкершілікті қалыптастыру.

«Біз Жастар рухының белсенді мүшелерімен бірге елдік сана мен патриоттық рухты дәріптеп, әр жас өз ойын ашық айтып, пікір білдіре алатын орта қалыптастыруды көздедік. Қазір жас ұрпақтың білімге, еркін ойлауға және елдің дамуына үлес қосуға деген талпынысы қуантады. Осындай бастамалар сол жігерді арттыра түседі», – деді «Жастар рухы» жастар қанатының мүшесі Меруерт Тілек.

Қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын сұрақтарға жауап беріп, өз ой-өрісін, логикалық қабілетін және білім деңгейін сынға салды. Ойын барысында қатысушылар Қазақстанның Тәуелсіздік тарихы, мемлекеттік рәміздер, ұлт бірлігі мен егемендіктің қалыптасу кезеңдері жөнінде білгенін ортаға салды.

Байқау қорытындысы бойынша 5 оқушы үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

"AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.
 

Другие новости

Богатство страны требует бережности

Богатство страны требует бережности

Новая Конституция закрепляет, что земля, недра, во...

  19.09.2026   214
Местная власть под наблюдением депутатов

Местная власть под наблюдением депутатов

Новая Конституция предусматривает возможность выра...

  19.09.2026   217
Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Одна из важных особенностей Иргелинского сельского...

  18.09.2026   261
Казахстан присоединится к World Cleanup Day

Казахстан присоединится к World Cleanup Day

19 сентября во всех регионах Казахстана пройдут ма...

  18.09.2026   202
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.