Понедельник, 21 Сентября 2026

Алматы облысында 156 мың кәсіпкер жұмыс істейді

Алматы облысында 156 мың кәсіпкер жұмыс істейді

Алматы облысында жыл соңына дейін «Kusto Logistics» көтерме-бөлу орталығы, «MP Solution» және «Еуразиялық логистикалық парк», «Imagine Apple Logistics» ірі логистикалық кешендер мен индустриялық парктер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

Әкімнің мәліметінше, осындай кәсіпорындарды орналастыру мақсатында 15 индустриалды аймақ құрылып (Талғар ауданында «Қайрат-2», Еңбекшіқазақ ауданында «Шелек», Жамбыл ауданында «Қазыбек Бек», «Үлкен», Ұйғыр ауданында «Тасқарасу», «Сұңқар», Қонаев қаласында «Қонаев», Алатау қаласында «Береке» және жетеуі Үлкен Алматы айналма жолының маңында) жатыр.

Олардың ішінде «Қайрат-2» индустриалдық аймағы шетел инвесторлары есебінен салынса, Үлкен Алматы айналма жолының маңындағы аймақтарды жер иелерімен бірлесіп жүзеге асырылады.

«Осылайша, облысымыздың инвестициялық потенциалын арттыру ірі кәсіпорындардың ғана емес, шағын және орта бизнестің де дамуына мүмкіндік беріп жатыр. Бүгінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 46,3%-ға жетіп, олардың саны 156 мыңнан асты (2022 жылы – 116,6 мың), өсім көлемі 33,8% болды», - деді Сұлтанғазиев.

Бұл салада барлық жұмыспен қамтылған (740,3 мың адам) халықтың үштен бір бөлігі жұмыс істейді (273 мың адам).

Пресс-служба акима Алматинской области.

Другие новости

Богатство страны требует бережности

Богатство страны требует бережности

Новая Конституция закрепляет, что земля, недра, во...

  19.09.2026   214
Местная власть под наблюдением депутатов

Местная власть под наблюдением депутатов

Новая Конституция предусматривает возможность выра...

  19.09.2026   217
Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Одна из важных особенностей Иргелинского сельского...

  18.09.2026   261
Казахстан присоединится к World Cleanup Day

Казахстан присоединится к World Cleanup Day

19 сентября во всех регионах Казахстана пройдут ма...

  18.09.2026   202
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.