Четверг, 23 Апреля 2026

Алматы облысында мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін кеңейтуге 50-ден астам өтініш қаралды

Алматы облысында мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін кеңейтуге 50-ден астам өтініш қаралды

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірлік департаменті 2025 жылдың 11 айында атқарған жұмыстарын жариялады. Баспасөз мәслихатында департамент басшысы Қалдығожин Дәулет баяндама жасап, бәсекелестік ортаны қорғау бағытындағы негізгі көрсеткіштерді таныстырды.
Департамент монополистердің тұтынушылардың құқығын бұзбауын заң шеңберінде қадағалайды. Сонымен қатар, тауар мен қызмет сапасын әділ бәсекелестік арқылы арттыруға ықпал ететін мемлекеттік орган. 
Бүгінгі таңда Алматы облысындағы аталған Департамент бәсекелестік талаптарын бұзғандарға тиісті хабарлама жолдап, монополистердің заң бұзушылығының алдын алған.
Департамент басшысы Дәулет Қалдығожиннің айтуынша, осы уақытқа дейін 8 хабарлама жолданған. Оның басым бөлігі тұтынушылардың пайдасына шешілген. 
Атап айтар болсақ, прокуратура қаулысының негізінде «Қапашағай өңірлік газ желілері» ЖШС-не тауарлық газды бөлше саудаға беруде тұтынушыларға көрсетілмеген қызметтер үшін төлемақы жүргізіліп отырғаны анықталды. Осы өрескел қателікті түзету мақсатында заңды тұлғалар үшін міндеттемелерді тоқтату және одан әрі қоспау қажеттігі туралы хабарлама жолданды. Департаменттің хабарламасы толықтай орындалып, газ жабдығының нақты көрсетілмеген міндетті қызметтері үшін артық төлем тоқтатылды. 
Тұтынушының құқығын аяқ асты еткендердің бірі -«БАКАД Инвестициялар және операциялар» ЖШС.  Олар жеңілдікті абонемент беру кезінде "ішкі істер органдарынан КО тіркеу орны көрсетілген анықтама" түрінде қосымша құжаттарды талап еткен.  Серіктестікке арнайы құжат жолданып, бұдан бұлай заңсыз негізде құжат талап етудің жолы кесілді.

«Біздің Департамент бәсекелестікті шектеуге әкелуі мүмкін әрекеттерді анықтап, нарықтағы бәсекелестікті бағалауға үшін бірқатар жұмыстарды атқарады. Мәселен, тауар нарықтарына 14 талдау жүргізілді»,-деп атап өтті спикер. 
Айта кетейік, бұған дейін Департаментке  мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлерін құруға және кеңейтуге 50-ден астам өтініш түсіп, оның 16-ы оң шешімін тапқан.

Другие новости

Диалог без закрытых тем

Диалог без закрытых тем

Аким Алматинской области Марат Султангазиев с рабо...

  23.04.2026   141
Сельским территориям – особое внимание

Сельским территориям – особое внимание

В Илийском районе говорили о том, что нужно сделат...

  23.04.2026   176
Регион представлен на RES EXPO

Регион представлен на RES EXPO

Алматинская область приняла участие в международно...

  22.04.2026   250
Технологии служат людям

Технологии служат людям

АПК - наиболее важный сектор экономики в Енбекшика...

  22.04.2026   234
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.