Понедельник, 21 Сентября 2026

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет ғылым мен жоғары білімді дамытудың 2025 жылға арналған қорытындысын шығарды

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет ғылым мен жоғары білімді дамытудың 2025 жылға арналған қорытындысын шығарды

Үкіметтің 2025 жылғы қызметінің қорытындысы шеңберінде Ғылым және жоғары білім министрлігі басшылығының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесулері өтуде.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға бөлінген гранттар туралы айтып берді.

Ведомствоның мәліметінше, 93 232 білім гранты бөлінген, оның ішінде 77 084 грант – бакалавриатқа, 13 229 – магистратураға және 2 919 грант – докторантураға қарастырылған.

Жоғары білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекеттің, қорлардың, ата-аналар мен банктердің қатысуымен 5 жастан бастап білім беру капиталын қалыптастыруды көздейтін «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесі енгізілді. Мемлекет 60 АЕК мөлшерінде біржолғы бастапқы капитал беруді көздеді. Жинақталған қаражатты жоғары білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттауға болады. Бүгінгі таңда 133,9 мыңға жуық салым есепшоты ашылды.

Сонымен қатар бакалавриат студенттеріне арналған шәкіртақы мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге артқан, 2025 жылы 52 372 теңгені, ал педагогикалық мамандықтар бойынша – 84 000 теңгені (2020 жылы – 26 186 теңге, 2024 жылы – 47 135 теңге) құрады.

@KZgovernment

Другие новости

Атомные технологии могут создать в Казахстане новые высокотехнологичные отрасли — эксперт

Атомные технологии могут создать в Казахстане новые высокотехнологичные отрасли — эксперт

Ядерные реакторы могут использоваться не толь...

  21.09.2026   29
Богатство страны требует бережности

Богатство страны требует бережности

Новая Конституция закрепляет, что земля, недра, во...

  19.09.2026   218
Местная власть под наблюдением депутатов

Местная власть под наблюдением депутатов

Новая Конституция предусматривает возможность выра...

  19.09.2026   223
Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Ставка на промышленность, торговлю и активность жителей

Одна из важных особенностей Иргелинского сельского...

  18.09.2026   264
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.