Среда, 06 Мая 2026

Қазақстанда педофилияны және ЛГБТ насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойылды

Қазақстанда педофилияны және ЛГБТ насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойылды

Заң архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттік архивтердің мәртебесі мен қызмет тиімділігін арттыруға, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді әрі жүйелі нормаларды айқындайды. Бұл құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылға арналған заң шығару жұмысының жоспарын орындау, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында, сондай-ақ қоғам сұранысына байланысты әзірленді.

Архив ісі мен құжаттаманы басқарудың қолданыстағы жүйесін өзгерту – тарихи-мәдени мұраны сақтау және жеке деректердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін маңызды.

Заң цифрлық архивті қалыптастыруда құқықтық негіздерді айқындайды және «Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының қолданылу аясын кеңейтіп, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды электрондық форматқа көшіру, Ұлттық архив қорының құрамын жаңа құжат түрлерімен толықтыру, сондай-ақ ұғымдық аппаратты жаңарту мәселелерін қамтиды.

Заңда цифрлық архивте құжаттарды жүргізу және сақтауға тапсыру тәртібі реттелген. Цифрлық архив –  электрондық архивтік құжаттар мен архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерінің жиынтығы және олар электрондық форматта ұйымдастырылып, сақталады.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, атап айтсақ, бірлесіп қаржыландыру арқылы жасалған және тарихи-мәдени әрі ғылыми құндылығы бар аудиовизуалдық құжаттардың міндетті даналарын, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік архивтерге тапсыруы жөніндегі норма бекітілді.

Құжаттағы негізгі нормалардың бірі – мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебесін беру. Бұл архив мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, олардың тарихи-мәдени мұраны сақтау жүйесіндегі беделі мен маңызын арттыруға, сондай-ақ архив саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар аталмыш құжатта балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мақсатында қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері және онлайн-платформалар арқылы педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпарат орналастыруды шектеу нормалары көзделген.

Неке және отбасы институтын нығайтуға негізделген дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптеу, балаларды ұлттық және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге баулып, рухани тәрбие беру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. 2024 жылғы 6 тамызда «Қазақстанда ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз!» атты петицияның «жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынас насихатынан қорғау» бөлігіндегі талаптары ішінара орындалды. Осыған байланысты бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізу қажет болды.

Нәтижесінде заң арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 12 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Заңда «дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттау» және «педофилияны насихаттау» ұғымдарына нақты анықтамалар беріліп, олар заңға қайшы контентке теңестірілді.

Мемлекет басшысы бекіткен бұл заң Ұлттық архив қоры мен Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтауды, мемлекеттік архивтердің мәртебесін арттыруды, сондай-ақ өскелең ұрпақты  заңсыз контенттен қорғауды мақсат етеді.

Другие новости

На 98% наполнено Капшагайское водохранилище в Алматинской области

На 98% наполнено Капшагайское водохранилище в Алматинской области

Капшагайское водохранилище в Алматинской области н...

  06.05.2026   154
В Алматинской области ветеранам войны выплатили 20 миллионов тенге

В Алматинской области ветеранам войны выплатили 20 миллионов тенге

В Алматинской области в преддверии Дня Победы вете...

  06.05.2026   143
Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 20 миллион теңге берілді

Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 20 миллион теңге берілді

Алматы облысында Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардаг...

  06.05.2026   157
Сведения о 705 тысячах фронтовиков доступны на портале «Батырларға тағзым»

Сведения о 705 тысячах фронтовиков доступны на портале «Батырларға тағзым»

Министерство культуры и информации РК продолжает р...

  06.05.2026   144
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.