Вторник, 22 Сентября 2026

Жаңа Ата Заң – қоғам сұранысынан туындаған бастама

Жаңа Ата Заң – қоғам сұранысынан туындаған бастама

Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Ата Заң мәселесін қарау жөніндегі ұсыныс елдегі саяси-құқықтық жаңғыру үдерістерінің заңды жалғасы деп бағалануы тиіс. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістер қолданыстағы конституциялық нормалардың заман талабына сай үнемі жетілдіріліп отыруын қажет етеді.

Ата Заң – мемлекеттің құқықтық іргетасы. Сондықтан оны жаңарту мәселесі тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның белсенді қатысуымен, ашық әрі жария түрде талқылануы маңызды. Конституциялық комиссия алаңы осындай кең пікір алмасуға мүмкіндік беріп отыр.

Жаңа Конституцияны талқылау – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі күшейтуге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нақтылауға және құқық үстемдігін нығайтуға бағытталуы тиіс. Бұл бастама халық пен мемлекет арасындағы сенімді арттырып, демократиялық институттардың дамуына серпін береді.

Қоғамдық келісім мен заң үстемдігіне негізделген жаңа Ата Заң еліміздің ұзақ мерзімді дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырады деп сенемін.

Алатау қаласы Аналар кеңесінің төрағасы
Саурбаева Риза

Другие новости

Об утверждении состава Қазақстан Халық Кеңесі

Об утверждении состава Қазақстан Халық Кеңесі

В соответствии с подпунктом 1) статьи 5 Конституци...

  22.09.2026   86
Атом энергетикасын дамытуда қауіпсіздікке басымдық беріледі

Атом энергетикасын дамытуда қауіпсіздікке басымдық беріледі

Атом энергиясы саласын 2050 жылға дейінгі дамыту с...

  22.09.2026   98
Конституция защитила персональные данные

Конституция защитила персональные данные

В новой Конституции отдельно закреплена защита час...

  22.09.2026   114
Человек в центре государства

Человек в центре государства

Новая Конституция ставит человека в центр государс...

  22.09.2026   103
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.