Вторник, 10 Февраля 2026

Жаңа Конституция жобасы бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын – Қуат Байғожаев

Жаңа Конституция жобасы бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын – Қуат Байғожаев

Ол бірқатар бастаманы дұрыстығын атап өтті

Алматы облысы мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қуат Байғожаев цифрлық ортаны индустриялық реттеу, сондай-ақ жекелеген өңірлердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар Алматы облысының тұрғындары үшін айрықша мәнге ие дейді.

«Алматы облысы – халқы тығыз қоныстанған, цифрлық сервистер қызметі белсенді іске қосылған, серпінді дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Осыған байланысты ұлттық экономиканың өсу драйверіне айналуы тиіс «Технологиялық Алатау Сити» жобасының дәл біздің өңірде қолға алынуы заңды әрі орынды қадам деп есептеймін.Бұл тұрғыда жаңа Конституция жобасында көзделген цифрлық ортаны индустриялық реттеу, сондай-ақ жекелеген өңірлердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар Алматы облысының тұрғындары үшін айрықша мәнге ие», - деді Қуат Байғожаев.

Оның айтуынша, Жаңа Конституция жобасы қоғамдық өмірде бұрыннан бар, алайда құқықтық тұрғыдан қайта пайымдауды қажет ететін бірқатар бастамаларды қамтиды.

«Бүгінде азаматтардың қауіпсіздігі мәселесі қалыптасқан түсінік шеңберінен шығып, цифрлық технологиялар деңгейіне дейін көтерілгенін көріп отырмыз. Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғамның барлық саласына еніп, адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.Осыған байланысты жаңа Конституция жобасында азаматтардың цифрлық саладағы құқықтарын қорғау міндетінің қарастырылуы бүгінгі күннің талабы екені сөзсіз. Атап айтқанда, азаматтардың өзара хат-хабар алмасу қауіпсіздігі, электрондық коммуникациялардың қорғалуы, дербес деректердің сақталуы сияқты мәселелердің қамтылуы жеке өмірге қол сұқпаушылық кепілдігін нығайтып, цифрлық сервистерге деген сенімді арттырады», - деді ол.

Қуат Байғожаев атағандай, сонымен қатар азаматтардың жеке және қаржылық мәліметтерінің қорғалуы, оларды алаяқтардың заңсыз пайдалануынан сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылған.

«Мұндай нормалардың конституциялық деңгейде бекітілуі цифрлық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы одан әрі дамытуға берік негіз бола алады.Әсіресе, Конституция жобасының адам құқықтары мен бостандықтарын кемітпей, оларды жаңа технологиялық жағдайларға бейімдеу қағидатын басшылыққа алуы азаматтар үшін аса маңызды деп білемін.Бүгінде цифрлық орта қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын ескере отырып, мемлекеттің жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілігі тек онлайн кеңістікте ғана емес, оффлайн ортада да негізгі міндет ретінде айқындалуы орынды.Жаңа Конституцияда балалар мен жастар үшін қауіпсіз цифрлық орта ұғымына құқықтық негіз қалануы да ерекше маңызға ие. Ұсынылып отырған өзгерістер қарапайым азаматтардың күнделікті өмірінде нақты мәселелерден көрініс табады. Атап айтқанда, жеке және қаржылық ақпараттың қорғалуы, цифрлық сервистердің құқықтық бақылау аясында жұмыс істейтініне деген сенім қалыптасады. Мұндай тәсіл азаматтардың алаңсыз өмір сүруіне және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімінің артуына ықпал етеді», - деді ол.

Ол атағандай, жаңа Конституцияға қатысты әрбір ұсынысқа сараптамалық баға беріліп, түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырылды, қажет тұстары нақтыланып, жетілдірілді.

«Нәтижесінде қоғамның нақты сұраныстарын көрсететін келісілген әрі теңгерімді құжат қалыптасты деп нық сеніммен айта аламын.Осыған орай, жоба жеткілікті деңгейде пысықталған деп есептеймін және оны бүкілхалықтық референдумға шығаруға болады деп санаймын», - деді ол.

Другие новости

Проект новой Конституции готов к вынесению на всенародный референдум – председатель маслихата Алматинской области

Проект новой Конституции готов к вынесению на всенародный референдум – председатель маслихата Алматинской области

Предложения по регулированию цифровой среды, залож...

  10.02.2026   74
«Енді міндет емес, құқық» – жаңа Конституция жобасында Құрылтайға қатысты норма нақтыланды

«Енді міндет емес, құқық» – жаңа Конституция жобасында Құрылтайға қатысты норма нақтыланды

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар м...

  10.02.2026   66
«Теперь это право, а не обязанность»: в проекте Конституции уточнена норма касательно Курултая

«Теперь это право, а не обязанность»: в проекте Конституции уточнена норма касательно Курултая

Поступившие в Конституционную комиссию предложения...

  10.02.2026   72
В новой Конституции РК будут четко прописаны все переходные процедуры, сроки и регламенты – Снежанна Имашева

В новой Конституции РК будут четко прописаны все переходные процедуры, сроки и регламенты – Снежанна Имашева

Депутат Мажилиса Снежанна Имашева заявила о необхо...

  10.02.2026   82
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.