Суббота, 28 Марта 2026

Жаңа Конституцияда барлық өтпелі рәсімдер, мерзімдер мен регламенттер нақты жазылады – Снежанна Имашева

Жаңа Конституцияда барлық өтпелі рәсімдер, мерзімдер мен регламенттер нақты жазылады – Снежанна Имашева

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында елдегі саяси үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында барлық өтпелі ережелерді нақтылап жазу қажет деген пікір білдірді.
Мәжіліс депутаты ең алдымен жаңа Конституцияның тәртібі мен күшіне ену мерзімдерін біржақты етіп анықтау қажет екенін атап өтті.
«Жобада оның ережелері нақты қай сәттен бастап күшіне енетінін бекіту керек. Республикалық референдумның нәтижелері ресми жарияланған күннен бастап па әлде нақты белгіленген өзге күннен бастап па?», - деді ол. 
Оның айтуынша, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі қазіргі мемлекеттік билік органдарының мәртебесі туралы мәселені реттеу керек.
Атап айтқанда, қазіргі Парламент өз өкілеттігін қай сәтке дейін жүзеге асыратынын анықтау қажет, Құрылтай сайлауы қандай мерзімде және қандай тәртіппен өткізіледі?
«Менің ойымша, бұл мәселелерді заңнамалық функцияны жүзеге асырудың үздіксіздігін қамтамасыз етіп, оның ішінде Конституцияның институционалдық жаңашылдықтарын іске асыру қажеттілігін ескере отырып қарастыру керек», - деп атап өтті депутат. 
Снежанна Имашева өтпелі ережелерде Конституциялық сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палатаның жаңа құрамын қалыптастыру тетіктерін қарастыру маңызды екенін айтты.
Бұған қоса, негізгі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тағайындау тәртібі де регламенттеуді талап етеді.
«Осы рәсімдерді нақты бекіту құқықтық айқындылықты қамтамасыз етеді және институционалдық ауысу кезеңінде конституциялық органдардың жоқтығы жағдайын болдырмауға мүмкіндік береді», – деді ол.
Депутаттың айтуынша, қазіргі заңнаманы қолдану мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Осыған байланысты жаңа Конституцияның жобасында Конституция күшіне енген күні қолданылып жүрген заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер күшін сақтайды ма және олар қандай мерзімде ережелерге сәйкестендірілуі тиіс екенін нақты белгілеу қажет деді ол. 
«Аталған ережелерді бекіту құқықтық айқындылықты, мемлекеттік институттардың жұмыс істеуін болжауды және өтпелі кезеңдегі әрбір органның өкілеттіктерінің шегін нақты белгіленуін қамтамасыз етеді», – деп қорытындылады Снежанна Имашева.

Другие новости

Яркие грани Наурыза

Яркие грани Наурыза

В этом году Наурыз в Алматинской области развернул...

  27.03.2026   106
Ключи от новой жизни

Ключи от новой жизни

22 семьи в дни Наурыза обрели то, чего ждали годам...

  27.03.2026   121
Digital Qazaqstan 2026: участники ЕМПС ознакомились с достижениями цифровой индустрии Казахстана

Digital Qazaqstan 2026: участники ЕМПС ознакомились с достижениями цифровой индустрии Казахстана

В Шымкенте главы правительств стран-участниц и гос...

  27.03.2026   100
Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты

Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты

Шымкентте ЕАЭО-ға қатысушы елдердің және бақылаушы...

  27.03.2026   80
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.