Вторник, 07 Апреля 2026

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ №4 ОРТА МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ №4 ОРТА МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Алатау қаласы Жетіген ықшам ауданындағы №4 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның ең басты ерекшелігі – адамды, оның өмірі мен құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту екенін атап өтті. Бұл қағидат Преамбулада және 1-бапта нақты көрсетілген.

«Білім саласының қызметкерлері үшін жаңа Конституцияда маңызды кепілдіктер қарастырылған. 33-бапта мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуға кепілдік беріледі. Бастауыш және негізгі орта білім міндетті. Бұл – әрбір қазақстандық баланың мектеп табалдырығын аттауына мемлекет кепілдік береді деген сөз», – деді коалиция мүшесі Мельник Анастасия

Мұғалімдер өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу соңында ұжым өкілдері референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын жеткізді.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Олжас Бектенов поручил госорганам обеспечить реализацию Плана мероприятий по разъяснению Конституции РК

Олжас Бектенов поручил госорганам обеспечить реализацию Плана мероприятий по разъяснению Конституции РК

На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Б...

  07.04.2026   130
В Каскелене снимут фильм с Джеки Чаном

В Каскелене снимут фильм с Джеки Чаном

В городе Каскелене, на территории инновационного к...

  06.04.2026   338
Правительство утвердило План мероприятий по разъяснению Конституции РК

Правительство утвердило План мероприятий по разъяснению Конституции РК

Правительство Республики Казахстан утвердило План...

  06.04.2026   218
Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 на...

  06.04.2026   215
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.