Четверг, 05 Марта 2026

Коалиция мүшелері Қарғалы тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Қарғалы тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Коалиция мүшелері Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, партия мүшелігіне шектеу, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау және билік тармақтарының теңгерімі мәселелеріне тоқталды.

Коалиция мүшесі Махаббат Бигелдиев реформаның мәнін кеңінен тарқатты.

«Жаңа Конституция жобасы билікті күшейтуге емес, оны шектеуге бағытталған. Президент бір рет қана жеті жылға сайланады және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Өкілеттік кезеңінде партия мүшесі бола алмайды, ал жақын туыстары саяси мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Бұл – биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермейтін нақты құқықтық тосқауылдар. Сонымен қатар заң шығару билігі толықтай сайланған Құрылтайға беріледі. Бұл – халық еркінің тікелей көрінісі», – деді ол.

Тұрғындар референдумның ел болашағы үшін маңызын атап өтті.

Другие новости

Команда Aiser за будущее страны!

Команда Aiser за будущее страны!

Птицефабрика компании Otan Green Food, являющаяся...

  05.03.2026   0
Знак моей личной ответственности

Знак моей личной ответственности

15 марта со всем народом своей страны приду на сво...

  05.03.2026   92
Долгая дорога домой

Долгая дорога домой

Вместе с супругой Багыжай Кахарман мы являемся этн...

  05.03.2026   81
Коалиция мүшелері №18 орта мектеп ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері №18 орта мектеп ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  05.03.2026   76
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.