Пятница, 07 Августа 2026

Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды

Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды

Елімізде «Халықтық Конституция қарапайым сөздермен» деп аталатын цифрлық платформа іске қосылды. Жобаны «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі таныстырды. Бұл – Қазақстан Республикасы Конституциясындағы өзгерістерді түсінуге және негізгі заңның әртүрлі редакцияларын салыстыруға көмектесетін чат-боты бар AI-сервис.

Депутаттың айтуынша, жаңа Конституция жобасына деген қызығушылықты ол өңірлердегі тұрғындармен кездесулер барысында байқаған. Жаңа Конституцияны қолдауға бағытталған Жалпыұлттық коалиция құрамында ол Жамбыл облысы мен еліміздің басқа да бірқатар аймағын аралаған. Сол кездесулерде тұрғындар құжаттың олардың өміріне, жұмысына және өздері тұратын қала мен ауылдардың дамуына қалай әсер ететіні туралы сұрақтар қойып, белсенді түрде пікір білдірген.

«Жаңа Негізгі заң – біздің кім екенімізді, қандай қоғам құрып жатқанымызды, қандай құндылықтарды қорғап, балаларымызға қандай болашақ қалдырғымыз келетінін айқындайтын негізгі құжат. Сондықтан жаңа Конституция әрбір азаматқа, әрбір отбасыға, әрбір қала мен ауылға тікелей қатысты. Ал азаматтарға қарапайым, түсінікті әрі нақты жауаптар қажет», – деді Әбутәліп Мүтәлі.

Чат-бот мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://halykconst.kz/chat

Платформа енгізілген түзетулерді талдау және оларды ұғынықты етіп түсіндіру үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланады. Нақты уақыт режимінде әрбір азамат еркін түрде сұрақ қойып, баптардағы нақты өзгерістерді көріп, олардың мазмұнына қатысты жан-жақты түсіндірме ала алады.

Сонымен қатар сервисте AI-көмекші бар. Ол азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік құрылым қағидаттары және негізгі түзетулер туралы пайдаланушылардың сұрақтарына жауап береді.

Чат-бот арқылы кез келген адам жаңа Конституция жобасындағы өзгерістермен танысып, олардың жастарға, мұғалімдерге, дәрігерлерге, кәсіпорын қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, отбасыларға және аға буын өкілдеріне қандай мүмкіндік беретінін біле алады.

Жобаны әзірлеушілер платформаның басты мақсаты – Конституция мазмұнын кең аудитория үшін түсінікті әрі қолжетімді ету екенін жеткізді. AI-сервис Жалпыұлттық коалицияның ресми сайтында орналастырылады. Ол Негізгі заңды зерделеуге, ұсынылып отырған өзгерістерді талқылауға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған ыңғайлы құралға айналады деп күтілуде.

Енді Конституцияны оқып түсіну бұрынғыдан да оңай әрі көрнекі бола түсті.

t.me/referendum2026kz/1908

Другие новости

Фундамент зримых перемен

Фундамент зримых перемен

Строительство - одна из тех сфер, где результаты р...

  07.08.2026   80
Цифровая трансформация региона

Цифровая трансформация региона

Цифровизация государственных услуг, развитие интел...

  07.08.2026   95
Профилактика дает результат

Профилактика дает результат

Комплексные профилактические мероприятия, проведен...

  07.08.2026   84
Драйвер развития экономики

Драйвер развития экономики

Казахстан вступил в новый этап развития, где важна...

  07.08.2026   78
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.