Пятница, 27 Марта 2026

Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді

Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді

Digital Kazakhstan халықаралық форумы аясында ауылдық елді мекендерді Fixed Wireless Access (FWA) технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасы көрсетілді.

Жобаны «Ауыл Телеком» ЖШС жүзеге асыруда. Бастама еліміздің шалғайдағы және экономикалық тұрғыдан жетуі қиын аймақтарында заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Тұсаукесер барысында желінің қазірдің өзінде 120 ауылда іске қосылғаны және 120 базалық станция орнатылғаны айтылды. Бұл жоба 67 мыңнан астам үй шаруашылығын немесе 260 мыңға жуық тұрғынды қамтып отыр. Интернеттің орташа жылдамдығы — 50–80 Мбит/с.

«Ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамту — министрліктің басты міндеттерінің бірі. Байланыс операторларымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде FWA сияқты заманауи технологиялық шешімдер енгізілуде. Бұл шалғай ауылдарды жедел қосуға және цифрлық теңсіздікті жоюға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Шараның ең маңызды сәті министрдің қатысуымен желінің символикалық түрде іске қосылуы болды. Интерактивті картадағы нүктелер белсенді күйге ауысқан соң, желіге қосылған 10 ауылдың тұрғындарымен тікелей бейнебайланыс орнатылды. Байланыс сапасының тұрақтылығы нақты уақыт режимінде дәлелденді.

«Бұрын интернет әлсіз әрі тұрақсыз болғандықтан, заманауи білім беру ресурстарын пайдалану қиын еді. Қазір біз онлайн оқып, біліктілігімізді арттыруға және оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашуға жағдай жасадық», — деді Есбол ауылының тұрғыны, жергілікті мектеп мұғалімі Абутайр Алихан.

Жиын соңында Телекоммуникациялар комитеті мен «Ауыл Телеком» ЖШС арасында ауылдық аймақтарда цифрлық инфрақұрылымды одан әрі кеңейтуге бағытталған ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Другие новости

Digital Qazaqstan 2026: участники ЕМПС ознакомились с достижениями цифровой индустрии Казахстана

Digital Qazaqstan 2026: участники ЕМПС ознакомились с достижениями цифровой индустрии Казахстана

В Шымкенте главы правительств стран-участниц и гос...

  27.03.2026   54
Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты

Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты

Шымкентте ЕАЭО-ға қатысушы елдердің және бақылаушы...

  27.03.2026   45
В Казахстане продемонстрировали запуск сети FWA для сельских населенных пунктов

В Казахстане продемонстрировали запуск сети FWA для сельских населенных пунктов

На площадке международного форума Digital Kazakhst...

  27.03.2026   82
Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді

Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді

Digital Kazakhstan халықаралық форумы аясында ауыл...

  27.03.2026   72
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.