Вторник, 16 Июня 2026

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді, онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде экономиканы қолдау және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы қаралды.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2026 жылғы 1 тоқсандағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштеріне назар аударылды. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов есепті кезеңдегі кірістің 8%-ға, таза пайданың 93%-ға ұлғайғаны туралы хабарлады. Негізгі өндірістік көрсеткіштер бойынша жоспар орындалды.

Биыл сәуір айында «Самұрық-Қазына» компаниясының 3 млрд юань болатын дебюттік панда-облигацияларын Қытайдың ішкі нарығында сәтті орналастырғаны маңызды қадам болды. Орналастыру мерзімі – 3 жыл, облигациялардың кірістілігі – жылдық 2,18%, бұл – қарыз алудың рекордтық төмен құны әрі нарықтың қазақстандық қорға деген сенімін көрсетеді. Бұл қаражатты көлік-логистика, инфрақұрылым және тағы да басқа салаларды дамытуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағыттау жоспарлануда.

Сонымен қатар есептік кезеңде бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында «Тау-Кен Самұрық» АҚ мен Ngali Holdings (Руанда) арасындағы негізгі шарттар жөніндегі келісім (Term Sheet), сондай-ақ «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен AZCON (Әзербайжан) арасындағы Қазақстан мен Әзербайжан порттарында су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу жобасы бойынша акционерлік келісім және басқа да құжаттар бар.

Президент тапсырмалары аясында жалпы құны 38,6 трлн теңгені құрайтын мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, көлік-логистика және тау-кен салаларындағы 64 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. 41 жоба бойынша ЕРС және СМР келісімшарттары жасалған, олардың 33-інде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Атап айтқанда, осы жылдың наурыз айында Жамбыл және Павлодар облыстарында әрқайсысының қуаты 1 ГВт болатын екі ірі жел электр стансасының құрылысы бастау алды. Жобалар «жасыл» энергетиканы дамытуға және БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізуге бағытталған. «Бутадиен» мұнай химиясы жобасы бойынша Sinopec Guangzhou Engineering (ҚХР) компаниясымен EPC-келісімшарт жасалған, жұмыстарды осы жылдың мамыр айында бастау жоспарлануда. Тағы 6 инвестициялық жоба жобалау кезеңінде, ал 17 жоба инвестиция салу алдындағы сатыда тұр.

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралінің екінші желісінің құрылысы, сондай-ақ Атырау облысындағы «ҰИМТ» арнайы экономикалық аймағының мәселелері қаралды. Жоба көмірсутек шикізатын терең өңдеу саласындағы ірі өндірістерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстан өнеркәсібі мен экономикасы үшін геологиялық барлау саласында жасанды интеллект технологияларын қолданатын «Тау-Кен Самұрық» жобасының маңызы зор.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қор басшылығына барлық жобалар бойынша бақылауды күшейтуді және оларды жүзеге асыру барысында тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамту үлесін арттыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Другие новости

«ДӨО алқабы»: Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

«ДӨО алқабы»: Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Б...

  15.06.2026   170
«Долина ЦОДов»: Правительство Казахстана и IT-гиганты Firebird и NVIDIA подписали пакет соглашений в области ИИ на $10 млрд

«Долина ЦОДов»: Правительство Казахстана и IT-гиганты Firebird и NVIDIA подписали пакет соглашений в области ИИ на $10 млрд

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектено...

  15.06.2026   161
Завод высоких технологий

Завод высоких технологий

Когда говорят о современных технологиях, то чаще в...

  15.06.2026   184
Партия «Әділет» выражает искреннюю благодарность руководству и членам партии AMANAT за принятое решение о присоединении к нашей партии

Партия «Әділет» выражает искреннюю благодарность руководству и членам партии AMANAT за принятое решение о присоединении к нашей партии

Мы высоко ценим этот шаг и рассматриваем его как п...

  15.06.2026   161
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.