Понедельник, 02 Ноября 2026

АЛАТАУ ЖАСТАРЫ – МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНЕ!

АЛАТАУ ЖАСТАРЫ – МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНЕ!

Қазіргі таңда елімізде азаматтарды мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру науқаны жүргізілуде. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметшілерді іріктеу жұмыстары да жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты Алатау қаласының жастарын Мемлекеттік күзет қызметінде әскери борышын өтеуге шақырамыз.

Мемлекеттік күзет қызметі – күзетілетін адамдар мен маңызды мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ерекше мемлекеттік орган. Бұл қызметте әскери борышын өтеу жоғары тәртіпті, жауапкершілікті және Отанға адалдықты талап ететін абыройлы міндет болып табылады.

Әскери қызмет барысында сарбаздар тиісті даярлықтан өтіп, тәртіпке, жауапкершілікке және командалық бірлікке үйренеді. Сонымен қатар әскери қызмет – Отан алдындағы азаматтық борышты орындап, өмірлік тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін маңызды кезең.

Егер сіз Отан алдындағы борышыңызды абыроймен өтеп, Мемлекеттік күзет қызметінің қатарында қызмет еткіңіз келсе, күзгі шақыру науқаны аясындағы іріктеуге қатысуға шақырамыз.

Байланыс ақпараты

Алматы облысы, Іле ауданы және Алатау қаласының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

Мекенжайы: Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, 30В, 1-қабат.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 09:00–18:00.

Мерзімді әскери қызмет өткеру және Мемлекеттік күзет қызметіне іріктелу тәртібі туралы толық ақпаратты бөлім мамандарынан алуға болады.

Алатау қаласының жастарын Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеуге және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға шақырамыз.

Ел қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік.
Отанға қызмет ету – азаматтық абырой.

Другие новости

Искал скот – нарушил границу

Искал скот – нарушил границу

Ночь. Государственная граница. Ни малейшего дунове...

  25.10.2026   279
«Ақсауыт» в гостях у пограничников: когда встречаются старые друзья

«Ақсауыт» в гостях у пограничников: когда встречаются старые друзья

Когда к тебе приезжают гости, да еще и с добрыми н...

  20.10.2026   224
От землянок до современных застав

От землянок до современных застав

Сирена разбудила пограничный отряд ранним утром. Е...

  20.10.2026   245
Военное образование: возможности для казахстанской молодежи

Военное образование: возможности для казахстанской молодежи

Казахстанская молодежь может получить военное обра...

  19.10.2026   237
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.