Воскресенье, 01 Ноября 2026

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Іле ауданында ауқымды экологиялық сенбілік өтті

31 қазан, сенбі күні Іле ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Игі бастаманың басты мақсаты – елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Аудан көлемінде өткен сенбілікке 2,5 мыңнан астам адам қатысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты. Тазалық жұмыстары барысында көшелер, саябақтар, қоғамдық орындар мен елді мекендердің аумақтары ретке келтіріліп, 35 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Әсіресе, Өтеген батыр ауылындағы Үш ұрпақ саябағында өткен сенбілікті ерекше атап өтуге болады. Мұнда тазалыққа бейжай қарамайтын көптеген тұрғын, белсенді азаматтар мен еріктілер бас қосып, ортақ іске белсене атсалысты. Олар саябақ аумағын тазалап, айналаны қоқыстан арылту жұмыстарына қатысты.

Мұндай шаралардың маңызы зор. Өйткені тазалық тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де әрбір азаматтың басты ұстанымына айналуы тиіс. Туған жердің көркеюі мен қоршаған ортаның таза болуы – баршамызға ортақ жауапкершілік.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Аудан тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға және осындай игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз.

Таза аудан – ортақ мақтанышымыз! Тазалық әрбір тұрғынның өз ауласынан, өз көшесінен басталады.

Другие новости

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Іле ауданында ауқымды экологиялық сенбілік өтті31...

  31.10.2026   167
Тысячи участников - одна общая цель

Тысячи участников - одна общая цель

В Алматинской области продолжается реализация респ...

  31.10.2026   179
Экологическая ответственность не заканчивается у контейнера

Экологическая ответственность не заканчивается у контейнера

После любой уборки остаётся вопрос: что происходит...

  30.10.2026   150
Экология не заканчивается за воротами предприятия

Экология не заканчивается за воротами предприятия

Экологическое благополучие региона зависит не толь...

  30.10.2026   147
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.