Суббота, 31 Октября 2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

Қонаев қаласындағы «Айша Сити» базарында «Алмалы» өнімдері павильоны ашылды. Онда жергілікті шаруалар өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынады. Ет, сүт өнімдері, көкөніс пен басқа да азық-түлік түрлерін нарықтағы бағадан 10–15 пайызға төмен сатып алуға болады.

Нысаның ашылу   рәсіміне қатысқан  облыс әкімі Шыңғыс Әрінов, иігі істің  өңір  тұрғындарын  сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

-«Алматы облысы – ауыл шаруашылығы өндірісі дамыған өңір. Облысымызда егін және мал шаруашылығы өнімдерінің мол көлемі өндіріледі. Сондықтан біз үшін өнім өндірумен қатар, оны  сақтаудың және тұтынушыға тікелей жеткізудің тиімді жүйесін қалыптастыру маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаев жақында ғана жариялаған Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен сату жүйесін жетілдіру, логистикалық тізбектерді  оңтайландыру және негізсіз делдалдықты жою міндетін жүктеген болатын. Ашылып отырған жаңа павильон – Президент Жолдауында айтылған осы  басымдықтармен толық үндеседі», –  деген  Шыңғыс Сайранұлы сауда кешенінің жұмысына табыс тіледі.

Аймақ басшысының айтуынша жеке инвестиция есебінен бой көтеріп отырған нысанның ішінде барлық санитарлық және заманауи талаптарға сәйкес келетін 40-қа жуық сауда орны қарастырылған. Бұл шағын және орта бизнесті дамытумен қатар, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейін арттыруға тікелей ықпал етеді.

Павильонның тағы бір маңызды тұсы – жергілікті фермерлер өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыға ұсына алады. «Алмалы өнімдері» павильоны өңірдің саудалогистикалық әлеуетін арттыруға және азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  мол мүмкіндік береді.

Другие новости

«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

Қонаев қаласындағы «Айша Сити» базарында «Алмалы»...

  31.10.2026   56
«Алмалы өнімдері»: в городе Қонаев открылся новый торговый павильон

«Алмалы өнімдері»: в городе Қонаев открылся новый торговый павильон

На рынке «Айша Сити» в городе Қонаев открылся пави...

  31.10.2026   67
Щедрый дар родной земли

Щедрый дар родной земли

Свежие продукты с местных полей и ферм, доступные...

  30.10.2026   131
Его наследие - вне времени

Его наследие - вне времени

В этом году Казахстан и мировое сообщество отмечаю...

  30.10.2026   157
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.