Четверг, 24 Сентября 2026

«Болашақтың іргетасы: Жаңа Құрылтай және азаматтық жауапкершілік»

«Болашақтың іргетасы: Жаңа Құрылтай және азаматтық жауапкершілік»

Кез келген мемлекеттің даму жолында халықтың үнін еститін, қоғамның мүддесін биік деңгейде қорғайтын институционалдық жүйенің орны қашанда ерекше. Биылғы 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауы – бұл жай ғана кезекті сайлау науқаны емес, бұл – еліміздің саяси келбетін жаңа сапалық деңгейге көтеретін терең реформалардың жемісі және тарихи маңызы бар бетбұрыс сәт.  
Ел өміріндегі бұл жаңа кезең заман талабына сай мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, халық пен билік арасындағы кері байланысты нығайтуға және әрбір азаматтың мемлекеттік маңызы бар шешімдерге тікелей ықпал етуіне кең жол ашады. Жаңа заң шығарушы органның құрамына енетін депутаттарға қоғамның үміті мен сенімін ақтау, халықтың мұң-мұқтажын билік мінберінен нақты іспен көрсету сияқты үлкен жауапкершілік жүктеледі.  
Бүгінгі таңда «Менің бір ғана дауысым нені шешеді?» деген пессимистік көзқарастан арылып, ортақ болашағымыз үшін саналы таңдау жасау әрқайсымыздың азаматтық парызымызға айналуы тиіс. Еліміздің ертеңі, экономикалық тұрақтылығымыз, әлеуметтік әділдік пен қоғамдық келісім – дәл осындай маңызды науқандардағы белсенділігіміз бен бірлігімізге тікелей байланысты.  
23 тамыз күні әрбір саналы азамат өз дауысын беру арқылы еліміздің ертеңгі бағытын айқындауға үлес қосады. Мемлекеттің дамуына бейжай қарамайтын, өз елінің ертеңіне сеніммен қарайтын әрбір қазақстандық бұл науқанын сырттай бақылаушы емес, нақты қатысушысы болуы тиіс.  
Күш біріктіргенде ғана қуаттымыз, саналы таңдау жасағанда ғана болашағымыз баянды болмақ! 23 тамызда бір кісідей қатысып, елдік сана мен азаматтық ұстанымымызды көрсетейік!

Жансая Тлеубекқызы,
№43 орта мектебінің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Другие новости

Международный AI-хакатон HackAlem AI в Астане установил мировой рекорд GUINNESS WORLD RECORDS

Международный AI-хакатон HackAlem AI в Астане установил мировой рекорд GUINNESS WORLD RECORDS

На AI Month в Астане HackAlem AI установил мировой...

  24.09.2026   104
Строительство АЭС создаст более 10 тысяч рабочих мест

Строительство АЭС создаст более 10 тысяч рабочих мест

Больше 10 тысяч работников может потребоваться на...

  24.09.2026   115
Атом энергетикасының болашағын кім қалыптастырады және әлем елдері қандай технологияларды таңдайды?

Атом энергетикасының болашағын кім қалыптастырады және әлем елдері қандай технологияларды таңдайды?

Әлемдік атом энергетикасы жаңа даму кезеңіне кіріп...

  24.09.2026   90
Казахстанский инфраструктурный девелопер SEMURG INVEST и логистический оператор MEDLOG, входящий в структуру глобального транспортного гиганта MSC Group, объявили о создании стратегического партнерства

Казахстанский инфраструктурный девелопер SEMURG IN...

  23.09.2026   154
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.