Түркі әлемі композиторларының I Құрылтайы 18–20 қыркүйек күндері Үзейір Гаджибейли атындағы XVIII Халықаралық музыка фестивалі аясында Бакуде ұйымдастырылуда.Аталған фестивальді Гейдар Әлиев қоры мен Әзербайжанның Мәдениет министрлігі өткізуде.Құрылтайды Әзербайжанның Мәдениет министрлігі мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Бакудегі ИСЕСКО өңірлік кеңсесі, Әзербайжан Композиторлар одағы және Әзербайжан Ұлттық консерваториясымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.Ауқымды мәдени іс-шара Бірінші Түркологиялық конгрестің 100 жылдығына, әзербайжанның ұлы ақыны әрі ойшылы Низами Гәнжауидің 885 жылдығына жә...
Максим Рожин өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында жариялады:Құрылтайдағы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде жұмыс істейтін депутат ретінде еліміздің халықаралық аренадағы әрбір маңызды қадамына ерекше назар аударамын. Бұл менің тікелей жұмыс бағытым ғана емес, еліміздің сыртқы саясатының қалай қалыптасып, қандай басымдықтарға бет алып бара жатқанын түсінуге мүмкіндік беретін маңызды көрсеткіш.Әсіресе Мемлекет басшысының халықаралық кездесулердегі сөздеріне мән беремін. Президенттің әрбір мәлімдемесінен Қазақстанның кіммен әріптестік орнатуға мүдделі екенін ғана емес, қа...
«Осы науқанға азаматтарымыздың 74 пайыздан астамы қатысып, дауыс берді. Халқымыз ел тағдырына әсер ететін тарихи таңдауын жасады. Жұртымыз бұл іске зор жауапкершілікпен қарап, қоғамымыздың ауызбіршілігін паш етті. Осылайша, ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналған «Әралуан пікір – біртұтас ұлт» қағидаты нақты жүзеге асты. Құрылтай сайлауына шетел азаматтарының қызығушылығы өте жоғары болды. Қазақстанға беделді халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен 800-ге жуық байқаушы келді. Бұл – ұлттық парламентаризм тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастыр...
«Баршаңызға бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуы құтты болсын! Бүгін еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басты. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт. Біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып отырмыз. Бүгін жалпыұлттық референдум кезінде Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде өз жұмысына кіріседі. Бұл – мемлекетіміздің саяси жүйесінің жаңару үдерісі дәл осы күннен бастау алады деген сөз. Төл тарихымызға зер салсақ, Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселел...
Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау комиссиялары Құрылтай сайлауын тұрақты әрі жедел ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етті. Күні бойы дауыс беру барысы мен азаматтардың белсенділігі туралы елдің әр өңірінен ақпарат үздіксіз келіп отырды. Соның арқасында сайлаушылар мен халықаралық байқаушылар сайлау барысын іс жүзінде нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік алды. Ақпараттық сүйемелдеудің жоғары деңгейде болғанын Ленинград облысының сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Лебединский мәлімдеді.Михаил Лебединскийдің халықаралық байқау саласында мол тәжірибесі бар: 2013 жылдан бе...
ТМД байқаушылар миссиясы Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына қорытынды бағасын берді. Байқау нәтижесі бойынша ТМД миссиясы дауыс беру нәтижесіне әсер етуі ықтимал заң бұзушылықтарды анықталмағаны белгілі болды. Халықаралық байқаушылар сайлауды әділ, бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады.Дауыс беру күні Миссия өкілдері Қазақстанның 14 өңіріндегі 900-ден астам сайлау учаскесінде болған. Миссия басшысы, ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенконың айтуынша, дауыс беру ұйымдасқан түрде, тыныш әрі қолайлы жағдайда өтті, ал дауыстарды санау рәсімі сайлау заңнамасының...
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан астам байқаушысы жұмыс істеген.Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, сайлау процесі жалпы алғанда тыныш жағдайда өткен. Учаскелердің басым бөлігінде белгіленген рәсімдер сақталып, сайлау комиссиялары мен қоғамдық байқаушылардың өзара жұмысы талапқа сай жүргізілген.«Жүйелі дайындық қоғамдық байқауға бірыңғай кәсіби көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Байқаушылар өз өкілеттіктерін түсініп, учаскелердегі аху...
Құрылтай сайлауында Алматы облысының қазыналы қарттары маңызды сәттен қалыс қалмай, дауыс беруге келді. Олардың қатарында соғыс ардагерлері, еңбек адамдары, ұстаздар, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері де бар. Ардагерлердің бірі учаскеге келіп дауыс берсе, бірқатарына үйде таңдай жасау мүмкіндігі жасалды.Соғыс ардагерлеріБүгінгі Құрылтай сайлауында дауыс берген Федор Ковалев, Алим Кебиров, Солтанбай Жарықбасов сынды соғыс ардагерлерін ерекше атап өткен жөн. Жастық шағын майдан даласында өткізіп, елдің бейбіт болашағы үшін күрескен ардагер Федор Мельянович үшін Отан тағдыры әрдайым ма...
Филлипин Республикасы Сайлау комиссиясының административтік қызмет департаментінің басшысы Мария Вина Т.Замора Астана қаласындағы сайлау барысымен танысты.Сайлаудың барысын шетелдік байқаушылар да жіті бақылап, әзірге қандай да бір бұзушылықтар анықтамағанын айтуда. Филлипин Республикасы Сайлау комиссиясынан келген делегат та сайлаушылардың тәртіп пен заңға сай дауыс беріп жатқанын жеткізді.— «Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт дер едім. Бүгін, міне төпелеп жауған жаңбырға қарамастан сайлауға жұрт асыға келіп жатыр. Дауыс беру барысы да біз түске дейін барған т...
Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл туралы елордада Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығындағы баспасөз мәслихатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының өкілі, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун мәлім етті. Оның айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері Қазақстан Республикасының Құрылтайына депутаттарды сайлаудың дайындығына және оны өткізу барысын халықаралық деңгейде байқау үшін белсенді түрде қатысып жатыр. Айта кетейік, ШЫҰ өкілдері Қазақстанға 20 тамызда келіп, сайлау алдында дайындық жұмыстарын бағалау үшін түрлі сайлау учаскелеріне бар...