Суббота, 10 Октября 2026

«Сайлау учаскесінің ішінде ешқандай үгіт-насихат жұмыстарын көргеніміз жоқ» – филиппиндік бақылаушы

«Сайлау учаскесінің ішінде ешқандай үгіт-насихат жұмыстарын көргеніміз жоқ» – филиппиндік бақылаушы

Филлипин Республикасы Сайлау комиссиясының административтік қызмет департаментінің басшысы Мария Вина Т.Замора Астана қаласындағы сайлау барысымен танысты.
Сайлаудың барысын шетелдік байқаушылар да жіті бақылап, әзірге қандай да бір бұзушылықтар анықтамағанын айтуда. Филлипин Республикасы Сайлау комиссиясынан келген делегат та сайлаушылардың тәртіп пен заңға сай дауыс беріп жатқанын жеткізді.
— «Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт дер едім. Бүгін, міне төпелеп жауған жаңбырға қарамастан сайлауға жұрт асыға келіп жатыр. Дауыс беру барысы да біз түске дейін барған төрт учаскеде тәртіппен, тыныш өтуде. Бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін сайлаушылардың жоғары белсенділігін күтеміз. Осы уақытқа дейін нұсқаулықтарға, Конституцияға сәйкес ешқандай заң бұзушылықтарды байқамадық. Сайлау учаскесінің ішінде ешқандай үгіт-насихат жұмыстарын көргеніміз жоқ. Дауысты сатып алу немесе сату сияқты әрекеттерді байқамадық, – дейді шетелдік бақылаушы. 
Мария Вина Т.Замора мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне ерекше мүмкіндік жасалғанына таңданысын жасыра алмады. Себебі нашар көретіндерге арналған Брайль шрифті, партияларға дауыс беру нұсқаулығын тыңдауға болатын құрылғылар Филиппинде әзірге қолданылмайды екен. Сол секілді сырқаттанып қалған адамның да дауыс беру құқығы шектелмейді.

Другие новости

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налиб...

  09.10.2026   123
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  09.10.2026   122
Курултай и личная ответственность

Курултай и личная ответственность

Депутаты Курултая по новой Конституции приносят пр...

  09.10.2026   116
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  09.10.2026   124
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.