Вторник, 11 Августа 2026

Алматы облысында жастар күніне орай 30-дан астам іс-шара өтеді

Алматы облысында жастар күніне орай 30-дан астам іс-шара өтеді

Алматы облысында 432 мыңнан астам жас тұрады. Бұл өңір халқының шамамен 30 пайызын құрайды. Халықаралық жастар күніне орай облыстың 9 ауданы мен 2 қаласында 30-дан астам ауқымды іс-шара ұйымдастырылады.

«Жастар – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды қозғаушы күші. Сондықтан олардың бастамаларын қолдап, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше мән береміз. Биылғы онкүндік аясында 20 мыңнан астам жасты қамту жоспарланып отыр», – деді Алматы облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мәди Ахметов.

Оның айтуынша, іс-шаралар «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Оқитын ұлт», «Адал азамат» қағидаттарына негізделеді. Бағдарламада пікірсайыс пен интеллектуалдық ойындар, форумдар мен фестивальдер, экологиялық және қайырымдылық акциялары, спорттық турнирлер қарастырылған.

Онкүндік 10 тамыз – Абай күнінен басталып, 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай жалғасады. Сондай-ақ «Digital Pro», «Volunteer Fest», «Jas Qadam» және «Umtylys» сияқты жобалар аясында бірқатар шара өткізіледі.

Другие новости

Алматы облысында жастар күніне орай 30-дан астам іс-шара өтеді

Алматы облысында жастар күніне орай 30-дан астам іс-шара өтеді

Алматы облысында 432 мыңнан астам жас тұрады. Бұл...

  11.08.2026   87
Пространство для развития

Пространство для развития

В г. Талгаре появилось новое функциональное простр...

  20.04.2026   12035
В подарок карасайской молодежи

В подарок карасайской молодежи

Ценным подарком ко Дню Независимости для карасайск...

  15.12.2025   21299
В подарок  карасайской молодежи

В подарок карасайской молодежи

Ценным подарком ко Дню независимости для карасайск...

  13.12.2025   21370
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.