Воскресенье, 23 Августа 2026

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл туралы елордада Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығындағы баспасөз мәслихатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының өкілі, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун мәлім етті. 
Оның айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері Қазақстан Республикасының Құрылтайына депутаттарды сайлаудың дайындығына және оны өткізу барысын халықаралық деңгейде байқау үшін белсенді түрде қатысып жатыр. 
Айта кетейік, ШЫҰ өкілдері Қазақстанға 20 тамызда келіп, сайлау алдында дайындық жұмыстарын бағалау үшін түрлі сайлау учаскелеріне барған.
– Бүгін таңертеңгі сағат 6:30-дан бастап біздің топ Астананың түрлі аудандарындағы бірнеше сайлау учаскесін аралады. Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзу дерегін байқаған жоқпыз және ешқандай шағым түскен жоқ. Дегенмен, процестің әлі де жалғасып жатқанын атап өткім келеді. Біздің команда сайлау процесін байқауды жалғастырада, сондықтан ертең осы жұмысты қорытындылаймыз. Атап айтқанда осы уақытта күрделі мәселелер болған жоқ. Меніңше, бәрі ойдағыдай өтіп жатыр, - деді ол. 
ШЫҰ миссиясы аясында Ұйымға мүше алты мемлекеттен келген 17 байқаушы аккредиттелді. Олардың қатарында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заң шығарушы, атқарушы және сайлау органдарының өкілдері, осы мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының лауазымды тұлғалары бар.
Осы орайда ол миссия мүшелері бүгін сайлау учаскелері ашылған сәттен байқаушы ретінде жұмыстарына кіріскенін айтты.  Байқаушылар дауыс беру процесінің ұйымдастырылуын, сайлаушыларға жасалған жағдайларды және учаскелік комиссиялардың жұмысын зерделеді. Бұл ретте миссия өкілдері  Астана қаласы мен Ақмола облысы аумағына барды. 
-    Миссия мүшелері дауыс беру учаскелерін еркін аралап, бақылау бағыттарын өз бетінше айқындауда. Біздің жұмысымыз үшін қажетті жағдайлар жасалған, - деді Т.Р. Мидхун.

Другие новости

103-летний ветеран Алим Кебиров сделал свой выбор

103-летний ветеран Алим Кебиров сделал свой выбор

Выборы в Курултай - знаменательное событие, объеди...

  23.08.2026   48
Победители «Мерейлі отбасы» сделали свой выбор

Победители «Мерейлі отбасы» сделали свой выбор

23 августа на избирательном участке №292 в селе Ак...

  23.08.2026   55
«Мерейлі отбасы» жеңімпаздары өз таңдауын жасады

«Мерейлі отбасы» жеңімпаздары өз таңдауын жасады

23 тамыз күні Ақсеңгір ауылдық округінің Ақсеңгір...

  23.08.2026   57
«Тақиялы періште» кейіпкерлері сайлау учаскесінде

«Тақиялы періште» кейіпкерлері сайлау учаскесінде

23 тамыз күні Ұзынағаш ауылындағы Қарасай батыр кө...

  23.08.2026   47
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.