Пятница, 28 Августа 2026

Құрылтайдың бірінші сессиясы

Құрылтайдың бірінші сессиясы

«Баршаңызға бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуы құтты болсын!
 
Бүгін еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басты. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт. Біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып отырмыз.
 
Бүгін жалпыұлттық референдум кезінде Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде өз жұмысына кіріседі. Бұл – мемлекетіміздің саяси жүйесінің жаңару үдерісі дәл осы күннен бастау алады деген сөз.
 
Төл тарихымызға зер салсақ, Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданған. Бұл институттың жаңа кезеңде де жөні бөлек болары анық.
 
Себебі Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді. Құрылтай ұлттық заңнама сапасын арттыру арқылы еліміздің құқықтық негізін нығайта түседі.
 
Осы тарихи миссияны атқару сіздерге жүктеліп отыр. Құрылтайдың бірінші шақырылымының депутаты болу – ең алдымен, ерекше сәт. Бұл – үлкен бақыт деп айтсақ, қате болмас.
 
Осы аса абыройлы атқа сай лайықты қызмет етесіздер деп сенемін!»

Другие новости

Касым-Жомарт Токаев: Граждане всецело поддерживают масштабные преобразования, реализуемые в Казахстане. Выборы в Курултай убедительно это доказали

Касым-Жомарт Токаев: Граждане всецело поддерживают масштабные преобразования, реализуемые в Казахстане. Выборы в Курултай убедительно это доказали

«В голосовании приняли участие более 74 процентов...

  28.08.2026   82
️Қасым-Жомарт Тоқаев: Азаматтар елімізде жүзеге асып жатқан ауқымды өзгерістерді жаппай қолдауда. Мұны Құрылтай сайлауы айқын аңғартты

️Қасым-Жомарт Тоқаев: Азаматтар елімізде жүзеге асып жатқан ауқымды өзгерістерді жаппай қолдауда. Мұны Құрылтай сайлауы айқын аңғартты

«Осы науқанға азаматтарымыздың 74 пайыздан астамы...

  28.08.2026   84
Первая сессия Курултая

Первая сессия Курултая

«Поздравляю вас с открытием первой сессии Курултая...

  28.08.2026   66
Құрылтайдың бірінші сессиясы

Құрылтайдың бірінші сессиясы

«Баршаңызға бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірі...

  28.08.2026   74
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.