Понедельник, 26 Октября 2026

Алматы облысының Қарасай ауданында «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінің қорытындылары

Алматы облысының Қарасай ауданында «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінің қорытындылары

Алматы облысының Қарасай ауданында «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңі қорытындыланып, үздіктерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Данияр Мантаев қатысты.
Жиында сөз алған Данияр Ерлікұлы өнегелі отбасылардың қоғамдағы орнына тоқталып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолындағы еңбектері үшін қатысушыларға алғыс білдірді. Ол жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Алғыс хаттары мен арнайы сыйлықтарын табыстады.
Айта кетейік, шілде айында өткен байқауға ауылдық округтерден көптеген үлгілі отбасылар қатысып, бақ сынаған болатын. Тартысты бәсекенің қорытындысы төмендегідей анықталды:

Бас жүлде: Туютовтар отбасы (облыстық кезеңге жолдама алды)
II орын: Қуанышевтар отбасы
III орын: Әлменбетовтер отбасы

Жеңістің биік шыңынан көрініп, Бас жүлдені иеленген Туютовтар отбасы өз қуаныштарымен бөлісіп, жүрекжарды тілектерін білдірді:
«Отбасымыз үшін бұл – үлкен мәртебе әрі зор қуаныш. Елімізде ұлттық құндылықтар мен отбасы институтын дәріптейтін осындай байқаулардың ұйымдастырылып жатқанына алғысымыз шексіз.  Барлық қазақстандық отбасыларға амандық, бірлік және береке тілейміз, – деді олар.

Другие новости

Вместо сырья готовая продукция

Вместо сырья готовая продукция

В Кегенском районе Алматинской области в рамках Дн...

  26.10.2026   98
Alatau City берет новую высоту

Alatau City берет новую высоту

В Alatau City стартовало строительство Iconic Comp...

  26.10.2026   128
В селе Нарынкол Алматинской области открыли современную поликлинику и ветеринарную лабораторию

В селе Нарынкол Алматинской области открыли современную поликлинику и ветеринарную лабораторию

Ко Дню Республики в Райымбекском районе Алматинско...

  26.10.2026   127
Знак особой заботы государства

Знак особой заботы государства

В День Республики аким Алматинской области Чингис...

  26.10.2026   123
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.