Четверг, 29 Октября 2026

«Шин-Лайн» компаниясы Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай «Үздік өндірістік жоба» номинациясы бойынша марапатталды

«Шин-Лайн» компаниясы Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай «Үздік өндірістік жоба» номинациясы бойынша марапатталды

«Шин-Лайн» компаниясы Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «ILE BUSINESS DAY – 2026» салтанатты іс-шарасына қатысты. Компания өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Іле ауданы экономикасының өсуіне қосқан үлесі үшін «Үздік өндірістік жоба» номинациясы бойынша марапатталды.
Іс-шара бизнес пен мемлекеттік органдар өкілдерін біріктіріп, өңірдің экономикалық әлеуетін таныстыруға және жергілікті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарын талқылауға арналған маңызды диалог алаңына айналды. Іс-шара бағдарламасы аясында өткен жетістіктер көрмесінде «Шин-Лайн» компаниясы өз өнімдерін ұсынып, жоғары сапа стандарттарына деген ұстанымын көрсетті.
Компанияның осындай ауқымды бастамаларға қатысуы өндірістік қуаттарды кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу және отандық бизнестің позициясын нығайту арқылы Іле ауданының және жалпы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесін айқындайды.
«Біздің компания үшін осындай маңызды іс-шараға қатысып, Іле ауданы мен бүкіл Алматы облысының экономикалық әлеуетін нығайтуға үлес қосу - үлкен мәртебе. Біздің әрбір жетістігіміз өндірістің сапалы дамуы, жаңа мүмкіндіктер мен өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға деген ұмтылыстың нәтижесі», – деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниясының вице-президенті Дамир Дигай.
Форум қонақтары мен қатысушылары жергілікті кәсіпорындардың жетістіктерімен танысып қана қоймай, бизнес-қоғамдастықтың үздік өкілдерін марапаттау рәсіміне де қатысты.
«Шин-Лайн» компаниясының басшылығы мен ұжымы өңір мен ел игілігі үшін инновациялық дамуды, озық технологияларды енгізуді және мемлекеттік әрі қоғамдық институттармен тиімді ынтымақтастықты жалғастыруды көздейді.

Другие новости

Новые возможности для приграничных районов

Новые возможности для приграничных районов

В Алматинской области в рамках празднования Дня Ре...

  29.10.2026   4
Стройка большого масштаба

Стройка большого масштаба

Объявленные в Послании Президента народу Казахстан...

  29.10.2026   59
2027 год – Год масштабного общенационального строительства

2027 год – Год масштабного общенационального строительства

В Послании народу Казахстана Президент Республики...

  29.10.2026   68
Молодежь региона обсудила Послание

Молодежь региона обсудила Послание

Фото предоставлено МРЦ.В областном молодежном ресу...

  29.10.2026   82
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.