Воскресенье, 26 Июля 2026

Нағыз саясаткер еді

Нағыз саясаткер еді

Көрнекті ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, ұлт руханиятының ірі тұлғасы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті. Біз үшін орны толмас ауыр қаза.
Мұхтар Шаханов – тек поэзия әлемінде ғана емес, ұлт тағдырына қатысты ең күрделі мәселелерде де қайсар үнін жоғалтпаған тұлға еді. Ол ел тағдыры сынға түскен кезеңдерде әрдайым алдыңғы шептен табылып, елдік мүдде жолында табанды күрес жүргізді. Әсіресе Желтоқсан оқиғасы ақиқатын ашудағы қайсарлығы мен әділет жолындағы батыл үні халық жадында мәңгі сақталады. Оның Арал қасіреті жөніндегі жанайқайы – адамзат алдындағы үлкен жауапкершіліктің көрінісі. 
1991 жылғы 5 қазанда құрылған Қазақстанның халық конгресі партиясы – ел тағдырына бейжай қарамайтын, либералды-демократиялық бағытты ұстанған саяси күш болды. Бұл қозғалыс кездейсоқ пайда болған жоқ, ол халықтың шынайы үніне айналу үшін дүниеге келді. Сол тұста Мұхтар Шаханов екеуміздің осы партияға төрағалық еттік. Шаханов – нағыз саясаткер еді: оның әрбір сөзі халықтың мұңымен, ел тағдырымен астасып жатты.
Мен «Невада-Семей» қозғалысы арқылы ядролық сынақ полигонын жабуға қатысты үн көтерсем, Мұхтар Шаханов Арал трагедиясын тоқтатуға шақырып, табиғат пен адамзат тағдырының біртұтастығын дәлелдеді. 
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, барша қазақстандықтарға қайғырып көңіл айтамын.

Олжас Сүлейменов, 
ақын, КСРО халық жазушысы, 
Қазақстанның Еңбек Ері,
мемлекет және қоғам қайраткері.

Другие новости

«Оберегая корни - сохраним себя»

«Оберегая корни - сохраним себя»

Я благодарен судьбе, что она мне подарила дружбу с...

  15.07.2026   843
Ушел из жизни талантливый писатель

Ушел из жизни талантливый писатель

Горькая весть пришла из южной столицы: ушел из жиз...

  13.07.2026   1989
Наставник  с хорошими советами

Наставник с хорошими советами

Надо Надыров из Енбекшиказахского района около 30...

  10.07.2026   1274
Узоры ее судьбы

Узоры ее судьбы

Стоя на платформе алматинской станции метро имени...

  10.07.2026   995
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.