Суббота, 29 Ноября 2025

«ERLIK» әскери-патриоттық іс-шарасы: жастарға арналған ашық есік күні өтті

«ERLIK» әскери-патриоттық іс-шарасы: жастарға арналған ашық есік күні өтті

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы аясында Райымбек ауданындағы Н. Ә. Назарбаев атындағы шекара бекетінде және Нарынқол шекара бөлімшесінде жастарға арналған «ERLIK» әскери-патриоттық іс-шарасы өтті. Шара барысында ашық есік күні ұйымдастырылып, жастар шекара қызметімен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық рухты күшейту, сондай-ақ әскери қызметтің маңызын түсіндіру болды.

Алғашқы күні Н. Ә. Назарбаев атындағы шекара бекетінде өткен іс-шарада Шекара бөлімше бастығы капитан Сәуірбаев Ерасыл Нысанбекұлы қатысушыларды шекарашылардың күнделікті қызметімен және заманауи әскери қару-жарақтармен таныстырды. Сондай-ақ, әскери дайындық элементтері бойынша шеберлік сабақтар, спорттық ойындар және әскери жарыстар ұйымдастырылып, жастар өз күштерін сынауға мүмкіндік алды.

Жастар шекара сарбаздарының қызметімен тікелей танысып, олардың ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы еңбектерінің маңызын түсінді. Қатысушылардың қызығушылығы мен белсенділігі жоғары болды. Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы, Алматы облысы Жастар ресурстық орталығы Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Шыңғыс Мұқашевтың айтуынша, мұндай шаралар жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятып, елге қызмет етуге деген сенім мен ұмтылысты арттырады:

«Біздің мақсатымыз — жас буынды елін сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Ашық есік күндері жастардың бойына отансүйгіштік сезімді дарытып, әскери борыштың маңызын ұғындыруда үлкен рөл атқарады», — деді ол.

Келесі күні «ERLIK» іс-шарасы Нарынқол шекара бөлімшесінде жалғасын тапты. Мұнда Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдарханов Серікболсын Жанболатұлы жастарға шекара қызметінің ерекшеліктері мен әскери дайындық бойынша ақпарат беріп, қару-жарақ түрлерін көрсетті. Бұл жерде де әскери жарыстар мен шеберлік сабақтары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Жалпы, екі күндік іс-шараға 40-тан астам жас қатысты. Олар үшін бұл — әскери өмірге терең үңілу, батырлық пен ерлік рухын сезіну, болашақта ел қорғаны болуға деген сенімді арттырудың тамаша мүмкіндігі болды.

Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Другие новости

Жұмысшыларға жағдай жасалады

Жұмысшыларға жағдай жасалады

 Іле ауданында орын тепкен «Бент» – темірбето...

  27.11.2025   211
Депутаты Мажилиса призвали приостановить выборы районных акимов

Депутаты Мажилиса призвали приостановить выборы районных акимов

Депутаты Мажилиса Парламента Ерлан Саиров и Мархаб...

  26.11.2025   176
Сигареты – в огонь

Сигареты – в огонь

Несколько партий контрафактных табачных изделий ун...

  25.11.2025   247
Silk Way Star: Казахстан формирует новый медиабренд Евразии

Silk Way Star: Казахстан формирует новый медиабренд Евразии

Международный вокальный конкурс Silk Way Star, соз...

  25.11.2025   231
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.