Вторник, 27 Октября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА ІРІ КОНТЕЙНЕРЛІК ТЕРМИНАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА ІРІ КОНТЕЙНЕРЛІК ТЕРМИНАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Алматы облысының Іле ауданында еліміздің көлік-логистика саласы үшін маңызды инвестициялық жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Биыл Боралдай өнеркәсіптік аймағында орналасқан «Платформа Плюс» ЖШС-нің Kusto Logistics контейнерлік терминалын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жобаның жалпы аумағы 26,5 гектарды құрайды. Терминалдың өндірістік және қойма ғимараттарының жалпы ауданы 58 мың шаршы метр. Жоба аясында 100 жаңа жұмыс орны ашылып, қызметкерлердің орташа жалақысы 300 мың теңгені құрайды. Терминал Қазақстан мен ТМД елдерінің жүк ағындарын қабылдап, өңдеуге бағытталған.

Контейнерлік терминал толық инфрақұрылымдық цикл бойынша жүзеге асырылды. Жоба идеяны әзірлеуден бастап, жер телімін қалыптастыру, жобалау, инженерлік инфрақұрылым жүргізу және пайдалануға толық дайын нысанға дейінгі барлық кезеңдерді қамтыды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың маусымына дейін жүргізіліп, нысан бүгінде операциялық қызметті бастауға толық дайын.

Жоба теміржол инфрақұрылымына тікелей қосылуының, автокөлік жолдарына жақын орналасуының және мультимодальды тасымалдарды дамыту мүмкіндігінің арқасында Алматы өңірінің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, контейнерлік терминал алдағы уақытта қойма және астық логистикасын дамытуға негіз болатын маңызды инфрақұрылымдық алаң ретінде қарастырылып отыр.

Іле ауданында инвестициялық жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру жалғасуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан экономикасына 129,4 млрд теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 137,5 пайызды құрады. Жыл соңына дейін өңірде бірнеше ірі өндірістік және логистикалық жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

Другие новости

В преддверии Дня Республики в Акбастау подключили природный газ

В преддверии Дня Республики в Акбастау подключили природный газ

Жители села Акбастау Енбекшиказахского района полу...

  24.10.2026   225
В Береке – голубое топливо

В Береке – голубое топливо

В преддверии Дня Республики жители села Береке Бал...

  24.10.2026   231
БН-350: как обезвреживают радиоактивные отходы бывшего атомного реактора в Мангистауской области

БН-350: как обезвреживают радиоактивные отходы бывшего атомного реактора в Мангистауской области

В Мангистауской области продолжаются работы по выв...

  23.10.2026   201
В Казахстане выросли объемы розничной и оптовой торговли

В Казахстане выросли объемы розничной и оптовой торговли

В январе-сентябре 2026 года объем розничной торгов...

  23.10.2026   177
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.