Суббота, 24 Октября 2026

Қонаевта жалпы ауданы 103 мың ш.м. тұрғын үй кешендері салынуда

Қонаевта жалпы ауданы 103 мың ш.м. тұрғын үй кешендері салынуда

Қонаев қаласы жыл санап жаңа келбетке ие болып келеді. Шаһарда тұрғын үй кешендері салынып, Кешенді даму жоспары аясында әкімшілік нысандар бой көтеруде.

Қазіргі таңда қалада жалпы аумағы 103 мың шаршы метр болатын 19 тұрғын үй кешені салынуда. Бұл жобалар мыңдаған пәтерді қамтып, Қонаев тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады. Олардың ішінде «NNS City», «Comfort», «Аристократ», «Абай», «Самұрық», «Атамекен», «Өркен», «Qonaev Breeze», «Jagalau», «Бригантина», «Qonaev Residence», «AY-CITY», «Спутник», «Мегаполис» және т.б. тұрғын үй кешендері бар.

«Биыл 62 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде жыл басынан 27 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Шеңгелді ауылында жеке тұрғын үйлер бой көтеріп, құрылыс қарқын алды», – деді құрылыс бөлімінің басшысы Мирхан Бердіғалиев.

Алматы облысы орталығының әкімшілік инфрақұрылымы да жаңарып жатыр. Кешенді даму жоспары аясында алты әкімшілік нысанның құрылысы жүргізілуде. Олардың қатарында прокуратура, ҰҚК, Департаменттер үйі, Полиция департаменті, облыстық сот және өзге де мемлекеттік мекемелерге арналған ғимарат бар.

«Жақында 1 гектар аумақта денешынықтыру-сауықтыру орталығының да құрылысы басталды. Орталық жеке инвестициялық қаржыға бой көтеруде. Мұнда пауэрлифтинг, бокс, күрес секілді бірнеше спорт түрімен айналысуға болады», – деді бөлім басшысы.

Другие новости

В преддверии Дня Республики в Акбастау подключили природный газ

В преддверии Дня Республики в Акбастау подключили природный газ

Жители села Акбастау Енбекшиказахского района полу...

  24.10.2026   126
В Береке – голубое топливо

В Береке – голубое топливо

В преддверии Дня Республики жители села Береке Бал...

  24.10.2026   138
БН-350: как обезвреживают радиоактивные отходы бывшего атомного реактора в Мангистауской области

БН-350: как обезвреживают радиоактивные отходы бывшего атомного реактора в Мангистауской области

В Мангистауской области продолжаются работы по выв...

  23.10.2026   159
В Казахстане выросли объемы розничной и оптовой торговли

В Казахстане выросли объемы розничной и оптовой торговли

В январе-сентябре 2026 года объем розничной торгов...

  23.10.2026   151
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.