Суббота, 21 Июня 2025

Қолөнер - сырлы өнер

Қолөнер - сырлы өнер

Қолөнер - әрі өнер, әрі кәсіп. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған осы өнер түрі күн сайын дамып түрленуде. Қазақ халқының  тұрмыс тіршілігімен біте қайнасқан қолөнер бұрыңғы кезде тері, жүн, сүйек, ағаш, темір, саз сияқты шикізаттарды пайдалану арқылы  дамып отырды. Күнделікті тұрмыс тіршілікте пайдаға асып, сәндік-әшекей бұйымдарға да айналды. Нағыз хас шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар кейінгі ұрпақтарға мирас болып қалды.
Қолданбалы өнермен айналысу арқылы бала шыдамдылыққа, төзімділікке, ептілікке үйренеді. Майда, ұсақ заттармен жұмыс жасау арқылы қол моторикасы дамып, дүниетанымы кеңейеді. Бастаған істі аяғына жеткізу үшін жұмыстарына  жауапкершілікпен қарайды. Эстетикалық талғамы қалыптасады. Қыз балалар тігін түрлерімен танысып, тігіп үйренеді. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін құрақ тігу өнерін де меңгереді.
Шығармашылықпен айналыса отырып адам тек өз өнерін ғана емес басқа халықтардың да өнерін үйрену, іздену қалыпты жағдай. Соның ішінде қағаздармен жұмыс жасау, керексіз бұйымдарды түрлендіріп пайдалы әдемі бұйымға айналдыру, үй декорларында, интерьерлерде қолөнерді пайдалану соңғы заман талабы десе де болады. Әлем халықтарының қолөнер түрлерін үйрену баланың жасампаз, жаңашыл креативті ойлауына көп ықпалын тигізеді. Папье маше, канзаши, топиарий, ошибано, икебано, кинусайга, квиллинг өнерлерімен танысып үйренеді. Соның ішінде «Папье-маше» әдісі кеңірек танылған.
Папье-маше (француз тілінен «сағыз қағаз») Францияда XVI ғасырдың басында жақсы жетілген және қуыршақтар өндірісінде қолданылған. Негізгі бастау алған жері Қытай болғанымен, оны жетілдіру мен әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасау Францияда ерекше өркендеді. Папье-маше сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің ең көп тараған түрі. 
Папье-маше желім қосылған суға қағазды қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс. Жұмыс кезінде қағаз, желіммен басқа гипс және басқа да қосымша материалдарды пайдаланады Папье машемен жұмысқа керекті үлгіні алу үшін жайпақ табақша, кесе, шар және түрлі геометриялық денелерді пайдалануға болады.
Материалдары мен құралдарына керек емес қағаздар, бояулар, желімдерді пайдалана отырып қуыршақ, қобдиша, бетперде, бутафоралар жасайды. Тіпті интерьер декор әлемінде шамдар жасауға болды.
Қазіргі біздің де шығармашылық орталығымыздың қолөнер үйірмесінде оқушыларға осы «Папье маше» әдісімен түрлі заттар жасап үйретудеміз. 
Әр өнердің өз ерекшелігі, сұлулығы бар.

Кәмшат КЕРІМБАЕВА,
Қарғалы ауылындағы 
балалар және жасөспірімдер 
шығармашылық орталығының 
қолөнер үйірмесінің мұғалімі.
 

Другие новости

К новому учебному году – новая школа

К новому учебному году – новая школа

В рамках национального проекта «Комфортная школа»...

  20.06.2025   165
Из 50 000 — в тысячу лучших: в Алматы стартовал финал IQanat

Из 50 000 — в тысячу лучших: в Алматы стартовал финал IQanat

В Алматы начался финал Олимпиады IQanat - крупнейш...

  17.06.2025   361
Лето на высоком старте

Лето на высоком старте

Завершился еще один учебный год. Чем он запомнился...

  16.06.2025   418
Школы будущего

Школы будущего

В Алматинской области продолжается поэтапная реали...

  12.06.2025   476
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.