Суббота, 26 Сентября 2026

Тағылымы мол кездесу

Тағылымы мол кездесу

Алматы-Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдық мерейтойына арналған әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылу салтанаты «Нұр-Сазы» ұлттық аспаптар оркестрі домбырашыларының орындауындағы күймен басталып, рухани-мәдени бағыттағы мазмұнмен өрбіді. Іс-шараға қонағы, жазушының ұлы, ғалым, танымал тарихшы Арман Жұмаділов  қойылған сұрақтарға жауап бере отыра жазушының өмір жолы, шығармашылық мұрасы және қазақ әдебиетіндегі айрықша орны туралы  баяндады, қаламгердің Қытай қазақтарын тарихи отанына көшіру саясатына зор ықпал жасаған қадамдары туралы көпшілікке белгісіз фактілер айтылды.  
Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдарында, оның ішінде щоқтығы биік “Соңғы көш” дилогиясында   дәуірлік көрініс, ұлттық сана мен  этнографиялық шынайылық беріліп, әр оқырманда терең ой қалдыратынына оқушылар көз жеткізді. Кездесу соңында жазушының әдеби мұрасынан «Таңғажайып дүние», «Қаздар қайтып барады», «Слезы академика», «Атамекен» кітаптары мектеп кітапханасына  “Кабдеш Жұмаділовтың қоры” атынан тарту етілді.

Іс-шара аясында оқушылар арасында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қабдеш Жұмаділовты қаншалықты танимыз?!» атты викториналық ойын өткізілді. Оқушылар қаламгердің туындылары бойынша өз білімдерін ортаға салып,  белсенділік танытты.

Әдеби-танымдық іс-шара зияткерлердің рухани-мәдени құндылықтарын арттырып, ұлттық әдеби мұранының маңыздылығын жеткізген тағылымы мол рухани кездесу болды.

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 

Другие новости

Когда больше  чем учитель

Когда больше чем учитель

В селе Жалгамыс Талгарского района  на днях п...

  23.09.2026   176
Алматы облысында «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды

Алматы облысында «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды

Алматы облысының білім басқармасы ұйымдастырған «Ү...

  23.09.2026   228
Вдохновляющая на победы

Вдохновляющая на победы

Каргалинский специализированный лицей №2 по праву...

  18.09.2026   446
Урок, который продолжается

Урок, который продолжается

Есть учителя, которых помнят до очередного выпуска...

  16.09.2026   539
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.