Среда, 05 Августа 2026

Іле ауданында 12 900 оқушыға жаңа оқу жылы қарсаңында қаржылай қолдау көрсетілді

Іле ауданында 12 900 оқушыға жаңа оқу жылы қарсаңында қаржылай қолдау көрсетілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында Іле ауданында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 12 900 оқушыға мектепке дайындалу үшін 50 851 теңгеден қаржылай көмек берілді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 655,9 млн теңге бөлінді.

Қаржы ата-аналардың банк шоттарына тікелей аударылып, мектеп формасы, аяқ киім, сөмке, кеңсе тауарлары мен басқа да қажетті оқу құралдарын сатып алуға мүмкіндік жасалды.

Бұл туралы Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Садықов айтып, «Мектепке жол» республикалық акциясының басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалардың жаңа оқу жылын еш кедергісіз бастап, сапалы білім алуына жағдай жасау екенін атап өтті.

– Жаңа оқу жылы – әр бала үшін жаңа мүмкіндік. Сол мүмкіндіктің қаржылық қиындықтарға тірелмеуі – біздің міндетіміз. Сондықтан мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаумен қатар, кәсіпкерлер мен демеушілерді де осы іске жұмылдырып келеміз. Баланың сапалы білім алуы – оның ғана емес, тұтас қоғамның болашағына салынған инвестиция, – деді Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Садықов.

Биыл «Мектепке жол» акциясына жергілікті кәсіпкерлер де белсенді атсалысуда. Жоспар бойынша демеушілердің қолдауымен тағы мыңға жуық оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Осылайша, мемлекеттік қолдау мен әлеуметтік серіктестіктің нәтижесінде мыңдаған оқушы жаңа оқу жылын қажетті оқу құралдарымен бастап, білімге сеніммен қадам басады.

Другие новости

Іле ауданында 12 900 оқушыға жаңа оқу жылы қарсаңында қаржылай қолдау көрсетілді

Іле ауданында 12 900 оқушыға жаңа оқу жылы қарсаңында қаржылай қолдау көрсетілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында Іле ауданында әлеуметтік...

  05.08.2026   50
Призвание – вдохновлять

Призвание – вдохновлять

В современную эпоху, когда образование требует пос...

  30.07.2026   354
Проект больших возможностей, или как провести лето с пользой

Проект больших возможностей, или как провести лето с пользой

В Алматинской области реализуется спортивно-инклюз...

  28.07.2026   420
Любимый  учитель словесности

Любимый учитель словесности

В Каргалинской СШ №1 всегда были очень сильные учи...

  24.07.2026   865
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.